Зертханалық жануарлардың түрлері. Зертханалық жануарлардың генетикалық сипаттамасы. Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, көбейту


Зертханалық жануарлардың генетикалық сипаттамасы



бет2/3
Дата09.05.2022
өлшемі17,55 Kb.
#33800
1   2   3
Байланысты:
5 Дәріс

2 Зертханалық жануарлардың генетикалық сипаттамасы.

Зертханалық жануарларды генетикалық сипаттына байланысты гетерозиготалы және гомозиготалы деп бөледі. Гетерозиготалы жануарлар кездейсоқ шағылыстыру арқылы алынады. Зертханалық мақсатта негізінен гомозиготалы жануаралар қолданылады. Бұл жақын туыстық шағылыстыру арқылы алынған жануарлар. Инбридинг жолымен алынған зертханалық жануарлар сыртқы орта факторларына өте сезімтал келеді, сол себептен оларды питомниктерде күтіп баққанда да, эксперимент барысында да барлық жағдайлар жасалуы қажет. Себебі гетерозиготалы жануарлармен салыстырған да гомозиготалықтар әлсіз әрі қысқа уақыт өмір сүреді.

Инбридинг - (жақын туыстық шағылыстыру) зертханалық жануарлардың генотипін біркелкі сақтауға мүмкіндік береді. Инбридинг тек зертханалық жануарлар алу үшін ғана қолданылады, себебі ірі мал арасында қолдану, жақсы бір тұқымды сақтап қалуға мүмкіндік бергенімен, оның теріс әсері көп. Айтатын болсақ, өнімділігінің төмендеуі, конституциясының (дене бітімінің) нашарлауы, өлім жітімнің көбеюі және т.б. Инбридинг жолымен алынған мал әлсіз, сыртқы орта факторларына төзімсіз, иммунитеті төмен келеді. Сондықтан жақын туыстық шағылыстыруды ірі мал үшін қолдануға болмайды.

Ерте заманнан жақын туыстық қатынас адам арасында тиым салынған. Мыс, қазақ халқы жеті атаға толмай туыстар арасында қыз алыспаған. Ал бұл салтты бұзғандар жазаланып отырған, мыс., «Еңлік-Кебек» трагедиясы. Яғни туыстық қатынастан туылған балалардың психикалық және физикалық кемістігі болатынын ата бабамыз өз практикасынан білген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет