Зольдердің коагуляциясын және электролиттің ұйыту қабілетін анықтау. 1 – т ә ж і р и б е: Электролиттердің темір (ІІІ) гидроксидінің ұйыту қабілетін анықтау. 4 пробиркаға 5 мл Fе(ОН)3 золінен құяды. Басқа төрт пробиркаға: біріншісіне 4,5 мл дистилденген су және 0,5 мл 3 М КСl, екіншісіне 4 мл су және 1 мл 3 М КСl, үшіншісіне 3 мл су және 2 мл 3 М КСl, ал төртіншісіне 1 мл су және 4 мл 3 М КСl ерітіндісін құйып қоспа дайындайды. Олардың әрқайсысына алдыңғы төрт пробиркадағы зольді қосып араластырады. Ерітінділерді бір-біріне қосқан кездегі уақытты белгілеп, 30 мин өткен соң қай пробиркада айқын лайлану болғанын, яғни коагуляция процесі жүргенін ретімен жазып отырады.
№3 Зертханалық жұмыс.
Абсорбция. Сірке қышқылының активтелген көмірде адсорбциялануы. 1 - т ә ж і р и б е:
2 М сірке қышқылын сұйылту арқылы нөмірленген 6 колбаға концентрациясы 0,5;0,25;0,125;0,062;0,0328;0,016М 150 мл ерітінді даярлайды. Әр ерітіндіден нөмірленген басқа 6 колбаға 100 мл құйып, әрқайсысына 3 г актив көмір салады. Көмірді техникалық таразыда 0,01 г дәлдікпен өлшеу керек. Даяр болған көмір мен қышқыл ерітінділерінің қоспасын 10 минут шайқап араластырады да 30 мин тепе – теңдік орнағанша қояды. Осы аралықта бюретканы штативке бекітіп, 0,1 М NаОН ерітіндісін құйып титрлеуге даярлайды. Онан соң көмір салынған әрбір колбадағы ерітіндіні жеке – жеке фильтр қағазында сүзеді. Сүзіп болған соң, бастапқы көмір салынбаған ерітінділермен көмір салынып адсорбцияланған ерітінділердегі қышқылдың концентрациясын титрлеу арқылы анықтайды. Титрлеу үшін әр колбадағы ерітіндіден 10 мл алып 2 – 3 тамшы фенолфталеин қосып, түсі әлсіз күлгін түске боялғанша 0,1 М NаОН ерітіндімен титрлейді. Әрбір ерітіндіні 3 реттен тирлеп, титрлеуге жұмсалған сілті көлемінің орта мәнін алады. Титрлеу барысында колбалардағы ерітінділерді шатастырмау керек. Титрлеп болған соң әрбір ерітіндідегі сірке қышқылының концентрациясын мына формуламен есептейді:
Сқ=Сн·Vн/ Vқ
мұндағы Сқ және Сн қышқыл мен негіздің концентрациясы; Vн және Vқ титрлеуге кеткен негіздің және титрлеуге алынған қышқылдың көлемдері.