Полимердің ісіну кинетикасын көлемдік әдіс бойынша анықтау. 1 - т ә ж і р и б е:
Догадкин приборын штативке вертикаль орналастырып бюретканың жоғарғы белгісінен сәл төмен етіп, ксилол құяды. Бұл кездегі сұйықтық деңгейі Һ0. Онан соң ұзындығы 2-3 см резин тілігін таразыда өлшеп, жіңішке сыммен тығындағы шыны ілгекке бекітеді. Тығындағы тесікпен прибордың жоғарғы жағындағы тесікті сәйкестендіріп орналастырады. Түтікке резина груша кигізіліп, бюреткадан, ксилолды резинка тілігі толқ батқанша ығыстырады. Кранды жауып тығынды ақырын бұрап приборды қоршаған атмосферадан айырады. Онан соң 15, 30, 60, 90, 120 минут өткен кездегі бюреткадағы сұйықтық көлемін анықтайды. Ол үшін берілген уақыт өткен соң тығынды бастапқы күйге келтіріп, кранды ашу арқылы приборды, ауамен жалғастырады. Бюреткадан һ деңгейін анықтайды. Онан соң қайтадан грушамен бюреткадағы ксилолды резинка тілігі толық батқанша ығыстырып, приборды тығындап кранды бұрау арқылы сыртқы қоршаған атмосферадан ажыратады.Осы жолмен жоғарыда көрсетілген уақыт мәндерінде бес өлшеу жасайды. Жұмыс аяқталған соң приборданрезинка тілігін алып, салмағын өлшейді.