Зертханалық жұмыс №1 Тақырып: ms access мәліметтер қорын басқару жүйесі мақсаты



бет12/44
Дата15.12.2023
өлшемі2,12 Mb.
#138131
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Байланысты:
Зертханалық жұмыс 1-15

5 жаттығу

  1. Ашу батырмасы арқылы бұрын құрылған кестелердің кез келген бірін ашыңыз.

  2. Кестені мәліметтермен толтырғанда Түзету (Правка) менюі­нің командаларын, саймандар тақтасының батырмаларын және кон­­­текстік менюдің қайталанатын мәндерді көшіріп алып керекті орынға қою командаларын пайдаланаңыз.

  3. Кестелердегі жасалған өзгертулерді сақтапи қойыңыз.

6 жаттығу

  1. Алмастыру” (“Подстановка”) ішкі беті арқылы орнатылатын өріс қасиеттерін қарап шығыңыз, Кестелер режимін пайдаланып “Баспа” жаңа кестесін құрыңыз. Бұл кестеде тек бір ғана өріс болады, оған мынадай баспа атауларын енгізу керек: Ғылым, Жоғары мектеп, Білім, Рауан және т.с.с.

  2. 1 жаттығуда құрылған “Кітап” кестесін ашыңыз.

  3. Конструктор режиміне кіріңіз.

  4. “Баспа” өрісінің сипаттамаларына арналған “Жалпы” (“Общие”) ішкі бетіне кіріңіз.

  5. Басқару элементінің типі” қасиеті үшін “Тізімі бар өріс” деген мәнді таңдаңыз, “Жолдар шығу көзінің типі” (“Тип источника строк”) қасиеті үшін “Кесте/Сұраныс” мәнін таңда­ңыз, “Жолдар шығу көзі”(“Источник строк”) қасиеті үшін – “Баспа” кестесін таңдаңыз, “Қосылған бағана” мене “Бағана саны” үшін 1 деген мәнді көрсетіңіз.

  6. Ашу батырмасы арқылы “Кітап” кестесінің мәліметтерді енгізу режиміне кіріңіз.

  7. “Баспа” өрісіне арналған мәліметтерді енгізуді орындаңыз.

  8. Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтаңыз.

7 жаттығу

  1. Алмастыру” ішкі бетіндегі өрістердің тағайындалатын сипаттамаларын қарап шығыңыз.

  2. Кестелер режимін пайдаланып “Жарияланатын орын” атты жаңа кесте құрыңыз. Бұл кестеде екі өріс болуы тиіс: Код және Жарияланатын орын.

  3. Жаңа мәндер енгізіңіз, мысалы: Алматы, Астана, Москва, Санкт-Петербург.

4. 1 жаттығуда құрылған “Кітап” кестесін ашыңыз.
5. Конструктор режиміне кіріңіз.

  1. “Жарияланатын орын” өріс сипаттамаларына арналған “Жалпы” ішкі терезеге кіріңіз.

  2. Басқару элементінің типі” үшін “Тізімі бар өріс” деген мәнді таңдаңыз, “Жолдар шығу көзінің типі” үшін “Кесте/Сұраныс” мәнін таңдаңыз, “Жолдар шығу көзі” үшін сұраныс құрастырғышын (построитель запросов) ашыңыз да, соның ішінде кестенің атын – Жарияланатын орын, өрістің атын – Жарияланатын орын, сұрыптау – өсуі бойын­ша деп экранға шығаруды көрсетіңіз. “Қосылған бағана” және “ Бағана саны” үшін 1 деген мәнді көр­сетіңіз.

  3. Ашу батырмасы арқылы “Кітап” кестесінің мәліметтерді ен­гізу режиміне кіріңіз.

  4. “Жарияланатын орын” өрісіне арналған мәліметтерді енгізуді орындаңыз.

  5. Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет