Зертханалық жұмыс №11. Тақырып: Салыстырмалы, аралас және абсолютті адрестер. MsExcel-дің графикалық мүмкіндіктері. Мәліметтер қоры ретінде пайдалану. ( 4сағат зертханалық жұмыс, 1 сағат СӨОЖ) Диаграмма құру және өңдеу Диаграммалар – мәлiметтердi графикалық түрде кескiндеудiң ыңғайлы түрi. Олар берiлген сандық шамаларды өзара салыстыру мүмкiндiгiн бередi. EXCEL –де екi және үш өлшемдi бiрнеше диаграммалар түрлерi бар. Диаграмма тұрғызу үшiн Диаграмма шеберi деп аталатын функцияны қолдану керек. Диаграмма шеберiн үш әдiспен шақыруға болады:
1-әдiс. Енгiзу диаграмма командасын орындау арқылы;
2- әдiс. Стандартты саймандар панелiнiң Диаграмма шеберi батырмасы арқылы;
3-әдiс. Командалық мәзiр қатарының Диаграмма командасы арқылы.
Осы әдiстердi пайдаланғанда экранда 4 қадамнан тұратын сұхбат терезелерi бiрiнен кейiн бiрi пайда болады.
Қажет ақпараттарды сұхбат терезелерi арқылы енгiзiп, диаграмма тұрғызуға болады.
1-қадам. Диаграмма түрiн анықтау.
2-қадам. Диаграмма тұрғызуға қажет мәндер жиыны туралы мәлiметтердi енгiзу.
3-қадам. Диаграмма параметрлерiн енгiзу.
4-қадам. Диаграмманы орналастыру.
Тапсырма 1 «Базар» деген атпен көкеністер бағасына байланысты диаграмма
т ұрғызып әртүрлі түске бояңыз.