Негізгі кестелерді құру Отырар кітапханасының басқармасы екі кестеге негізделген мәліметтер базасын жасауға тапсырыс берді. Бірінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі. Екінші кесте кітапханадағы оқулықтарды тіркеуге арналсын.
1. Мicrosoft Access программасын іске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft Access).
2. Microsoft Access терезесінде Жаңа мәліметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып - қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертіңіз.
3. Жаңа мәліметтер базасының файлы (Файл новой базы данных) терезесінде \Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасын таңдап алып, файлға Отырар кітапханасы деп ат беріңіз. Файл типі ретінде Microsoft Access мәліметтер базасы алынғанын көресіз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа Отырар кітапханасы мәліметтер базасыныің терезесі ашылады.
4. Кестелер панелін ашыңыз.
5. Конструктор режімінде кесте құру белгісінде екі рет шертсеңіз кесте құрылымын даярлау бланкісі ашылады.
6. Бірінші кесте үшін төмендегідей өрістерді енгізіңіз:
өріс атауы өріс типі
оқырманның аты-жөні мәтіндік
кітаптың аты мәтіндік
кітаптың авторы мәтіндік
кітаптың нөмірі мәтіндік
кітап алған уақыты мерзім\уақыты
бағасы қаржылық
7. Кітаптың нөмірі өрісі мәтіндік өріс екеніне көңіл аударыңыз, өйткені олардың сандық мағынасы жоқ. Кітап нөмірлерін бір-біріне қосуға, көбейтуге, салыстыруға болмайды.
8. Болашақ Оқулықтар кестесімен байланыс орнату үшін Түйінді өріс беруіміз қажет. Кітаптың аты өрісін қайталанбайтын өріс ретінде таңдап алуыңызға болады. Бірақ өте үлкен мәліметтер базасында аттары бірдей әр түрлі кітаптар кездесуі мүмкін. Сондықтан біз Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерінің комбинациясын түйінді өріс ретінде пайдаланамыз. Бланкінің жоғарғы бөлігіндегі өрісті ерекшелеп алыңыз. Тышқанның оң батырмасын шерту арқылы жанама менюді ашыңыз және одан Түйінді өріс (ключевое поле) бөлімін таңдап алыңыз.
9. Конструктор терезесін жабыңыз. Терезені жабу кезінде кестеге Оқырмандар деп ат беріңіз.
10. 5-9 бөлімдердегі амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесін құрыңыз. Оған төмендегідей өрістер енеді:
өріс атауы өріс типі
кітаптың аты мәтіндік
кітаптың авторы мәтіндік
баспасы мәтіндік
шыққан жылы мерзім\уақыты
кітаптың нөмірі мәтіндік
көлемі сандық
бағасы қаржылық
11. Көлем өрісін шертіңіз. Бланкінің төменгі бөлігінде ондық белгілер саны 0-ге тең қасиетін беріңіз.
12. Бұл кестеге түйінді өріс енгізбесе де болады – берілген тапсырмада ол талап етілмейді.
13. Отырар кітапханасы: мәліметер базасы терезесінде құрылған кестелерді кезекпен ашып, оларға он шақты жазбалар енгізіңіз. Жұмысты аяқтап кестелерді жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.
Тапсырма 1
Белгілі бір пәндік саланы таңдап, оның бір объектісін алып, ішкі бірнеше қасиеттерін көрсетіп сипаттау керек, мысалы, объект – кітап, қасиеттері – жазушының аты-жөні, кітаптың аты, инвентарлық нөмірі, шыққан жылы, басып шығарылған жері, баспасы, кітаптің құны.
Кесте режиміне кіру.
Құрылған сипаттамаларға сәйкес бірнеше кітаптар туралы мәлімет енгізу.
Формат/Бағананың атын өзгерту меню командасын қолданып, бағаналарға 1 пунктте берілген атауларды беру.
Бір бағананы үлкейту үшін тышқанды сол бағананың тақырыбының оң жақ шетіне алып барып, тышқан батырмасын басып тұрып, бағананың шекарасын жылжыту керек. Сол сияқты әрекеттерді Формат/Бағананың ені меню командасын қолданып немесе контекстік менюдің Бағананың ені командасын қолданып істеуге де болатынына көз жеткізу қажет.
Құрылған кестені сақтау үшін терезені жабу керек, немесе саймандар тақтасында Сақтау батырмасын шерту, немесе Файл/Сақтау командасын орындау керек. Осы әрекеттерді орындау барысында кестенің атын өзгертуге болады.
Мәліметтер базасы терезесін жаппай тұрып, Кесте ішкі бетінен Ашу батырмасын шертіп, кестеге мәліметтер енгізу қажет.
Тапсырма 2
"Кітап" кестесін немесе 1 тапсырмадағы құрылған бір кестені ашу.
Конструктор режиміне кіру
¤рістердің сипаттамаларын көріп шығу.
Қажет болса ішіндегі бір сипаттаманы өзгерту. Ол үшін курсорды керекті өріске апарып, Мәліметтер типі бағанасын шертіп, тізімнен керекті сипаттаманы таңдап алу керек.
Кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар тағайындау. Мысалы, "Шыққан жылы" өрісіне енгізу бет пердесін (маскасын) бекіту. Ол үшін өріс қасиеттеріне арналған "Жалпы"("Общие") ішкі бетіне келіп 9999 деген бетперде (маскасын) енгізу. Бұл шыққан жыл 4 таңбалы саннан тұратынын білдіреді.
Ашу батырмасы арқылы кестені ашып, 5 саннан тұратын кітаптың шыққан жылы мәнін енгізіңіз, оған Access жүйесінің реакциясын байқаңыз.
Конструктор режиміне кіріңіз. "Шыққан жылы" өрісі үшін Мәнге шарт беру (Условие на значение) сипаттамасын беріңіз, мысалы Between 1950 And 1998 түрінде. Бұл барлық кітаптардың 1950 ж. және 1998ж. арасында шыққанын білдіреді.
Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз да, кітаптың шыққан жылының мәнін енгізіңіз, мысалы, 1947, жүйенің реакциясын байқаңыз.
Конструктор режиміне кіріңіз. “Шыққан жылы” өрісі үшін Қате туралы мәлімет (Сообщение об ошибке) қасиетті беріңіз, мысалы, “Кітап шыққан жылы 1950 және 1998 жылдар арасында жатыр” деген мәліметті енгізіңіз.
Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз, кітап шыққан жылының мәнін енгізіңіз, мысалы, 1999, оған Access жүйесінің қалай жауап беретінін байқаңыз.
Тура сол сияқты өрістердің басқа қасиеттерімен де жұмыс істеп шығыңыз.
Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.
Тапсырма 3
Кесте шебері режиміне кіріңіз де, Мәліметтер базасында бар кестелер негізінде жаңа кесте құрыңыз.
Конструктор режиміне кіріп, кейбір өрістердің атауларын аздап өзгертіңіз.
2 тапсырмадағы көрсетілгендей етіп кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар беріңіз.
Тапсырма 4
Конструктор режиміне кіріңіз және белгілі бір пәндік саладан бір объектіні сипаттаңыз (1 тапсырманы қараңыз).
Конструктордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, объект сипаттамаларына аттаулар беріп, олардың типтерін анықтаңыз.
2 тапсырмадағы көрсетілгендей кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар беріңіз.
Тапсырма 5
Ашу батырмасы арқылы бұрын құрылған кестелердің кез келген бірін ашыңыз.
Кестені мәліметтермен толтырғанда Түзету (Правка) менюінің командаларын, саймандар тақтасының батырмаларын және контекстік менюдің қайталанатын мәндерді көшіріп алып керекті орынға қою командаларын пайдаланаңыз.
Кестелердегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.
Тапсырма 6
“Алмастыру” (“Подстановка”) ішкі беті арқылы орнатылатын өріс қасиеттерін қарап шығыңыз, Кестелер режимін пайдаланып “Баспа” жаңа кестесін құрыңыз. Бұл кестеде тек бір ғана өріс болады, оған мынадай баспа атауларын енгізу керек: Ғылым, Жоғары мектеп, Білім, Рауан және т.с.с.
1 тапсырмада құрылған “Кітап” кестесін ашыңыз.
Конструктор режиміне кіріңіз.
“Баспа” өрісінің сипаттамаларына арналған “Жалпы” (“Общие”) ішкі бетіне кіріңіз.
“Басқару элементінің типі” қасиеті үшін “Тізімі бар өріс” деген мәнді таңдаңыз, “Жолдар шығу көзінің типі” (“Тип источника строк”) қасиеті үшін “Кесте/Сұраныс” мәнін таңдаңыз, “Жолдар шығу көзі”(“Источник строк”) қасиеті үшін – “Баспа” кестесін таңдаңыз, “Қосылған бағана” мене “Бағана саны” үшін 1 деген мәнді көрсетіңіз.
Ашу батырмасы арқылы “Кітап” кестесінің мәліметтерді енгізу режиміне кіріңіз.
“Баспа” өрісіне арналған мәліметтерді енгізуді орындаңыз.
Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтаңыз.
Тапсырма 7
Пуск батырмасын басу арқылы Access-ке кіріңіз.
Мәліметтер базасын құру сұхбат терезесінде Шеберді іске қосу (Запуск мастера) қанат белгісін (переключатель) басыңыз.
“Құру” (“Создание”) сұхбат терезесіндегі Мәліметтер базасы ішкі терезесін таңдаңыз да, көрсетілген базалардың біреуін, мысалы, Музыкалық коллекция белгішесін таңдаңыз және сұхбат жүрген кезде қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа база құрыңыз.
Құрылған базаларды мәліметтерді енгізу және Конструктор режимдерінде қарап шығыңыз.