Зертханалық жúмыс №1



бет130/136
Дата15.12.2023
өлшемі8,58 Mb.
#137961
түріҚұрамы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   136
Байланысты:
Жаңа Лаборатория инф-2

Зертханалық жұмыс №14
Тақырып: Мәліметтер қорын құру және өңдеу. Сұрау. Таңдамаға сұранысты құру (6 сағат зертханалық, 1 сағат СӨОЖ)
Мақсаты: Мәліметтер қорының негізгі ұғымдарымен таныcу, кестені толтыру және жөндеудің негізгі тәсілдерін үйрену, кестелер шеберінің көмегімен мәлеметтер қорын құру, кілт өрісін тағайындау мәліметтер қорын сақтай білу.

Бұл жұмыста көлемі 500 беттен, бағасы 150 теңгелен аспайтын кітаптарды іріктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.



  1. Microsoft Acceess программасын іске қосыңыз.

  2. Miсrosoft Access терезесінде мәліметтер базасын ашу (открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (запросы) панелін ашыңыз. Конструктор режімінде сұраныс құру (Создание запросов в режиме конструктора) белгісін екі рет шертсеңіз, сонда үлгі бойынша сұраныстың бланкісі ашылады.

  4. Кесте қосу терезесінде Оқулықтар кестесін таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.

  5. Оқулықтар кестесінің өрістер тізімінен қорытынды кестеге енгізілетін Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Көлемі, Бағасы өрістерін таңдаңыздар. Таңдауды өріс атауларын екі рет шерту арқылы жүргізіңіз.

  6. Көлем өрісі үшін сұрыптау шартын беріңіз. Сол өрістің Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолына мына шартты енгізіңіз: <500. Сонда кестеден көлемі 500 – ден аспайтын кітаптар іріктеліп алынады.

  7. Бағасы өрісіне сұрыптау шартын беріңіз. Сәйкес жолға <150 өрнегін енгізіңіз. Енді кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана іріктеліп алынады.

  8. ‡лгі бойынша сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жабу кезінде оған Кітаптарды таңдау деген ат беріңіз.

  9. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде жаңа құрылған сұранысты ашыңыз да, қорытынды кестені қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы №2 зертханалық жұмыста Оқулықтар кестесіне енгізілген жазбаларға тәуелді. Егер ешбір басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бірде – бір мәліметтер болмаса, онда негізгі кестелерді оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толтырыңыздар.

  10. Зерттеу аяқталған соң ашық объектілердің барлығын жауып, Microsoft Acceess программасын жабыңыз.

Тапсырма 1



  1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар (Запросы) парақшасын­дағы Жасау (Создать) батырмасын шерту.

  2. Қарапайым сұраныс (Простой запрос) режимін таңдау.

  3. Алынған мәліметтерді қарап шығу .

Тапсырма 2



  1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Қарапайым сұраныс режимін таңдау.

  2. Белгілі бір өрістерінде қайталанып келетін мәндері бар кестені таңдау (Маркасы, Түсі өрістері секілді).

  3. Қарапайым нәтижелік (итоговый) сұраныс жасау. Ол үшін сұхбаттасудың екінші қадамында Қорытындылар (Итоги) батырмасын басу.

  4. Ашылған сұхбаттасу терезесіндегі сандық өрістер үшін қорытынды мәндерді есептеуді енгізу).

  5. Алынған мәліметтерді қарап шығу керек .

  6. Бастапқы кесте үшін “Жазбаларды санау” (“Подсчет записей”) қатарына жалауша қойып қорытынды сұраныс құру қажет.

  7. Алынған мәліметтерді қарап шығу керек .

Тапсырма 3



  1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.

  2. Сұраныс құруға қажетті кестені таңдау.

  3. Осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсету.

  4. Белгілі бір өріс мәліметтерін олардың өсуі бойынша реттеп сұрыпталатындай етіп орналастыру.

  5. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  6. Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау критериін енгізіп, сұранысты өзгерту, мысалы, Түсі өрісі үшін “ақ” мәнін көрсету.

  7. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  8. Немесе (Или) қатарын қолданып, жазбаларды кестеден таңдау шартын күшейту, мысалы, Түсі өрісі үшін “ақ” мәнін, ал Маркасы өрісі үшін “Жигули” мәнін көрсету.

  9. Сұраныс сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  10. Жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осы сияқты әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.

Тапсырма 4



  1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.

  2. Сұраныс құру үшін екі немесе одан да көп байланысқан кестелерді таңдау.

  3. Бірнеше кестелерден таңдап ала отырып, осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсетір шығу.

  4. ¤рістердің біреуіне сұрыптау шартын енгізу.

  5. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  6. Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау критериін енгізіп, сұранысты өзгерту.

  7. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  8. Жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осындай әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет