Студенттің өзіндік оқытушымен жұмысының тапсырмалары Тапсырма 1
Мәліметтер базасы терезесіндегі Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу.
Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимін таңдау.
Бір кесте негізінде басылым жасау жолдарын қадамдарға сәйкес орындап шығу.
Алынған басылымды қарап шығу .
Тапсырма 2
Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу және Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимін таңдау.
Бір кесте негізінде басылым жасау жолдарын қадамдарға сәйкес орындап шығу, бірақ мәліметтерді
топтастыруға көбірек көңіл бөлу. Алынған басылымды қарап шығу.
Мәліметтерді сұрыптауға көңіл бөле отырып басылым жасау. Алынған басылымды қарап шығу.
Сандық өрістер үшін нәтижелер шығаруға көңіл бөле отырып басылым жасау. Алынған басылымды қарап шығу.
Барлық алынған басылымдарды талдап шығу.
Тапсырма 3
Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу және Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимін таңдау.
Бірнеше кестенің негізінде басылым жасау қадамдарын 1-тапсырмадағыдай етіп орындап шығу. Алынған басылымды қарап шығу.
Басылымдар жасау кезіндегі және 2-тапсырмадағы мүмкіндіктерді зерттеп шығу, бірақ мұнда басылым бірнеше кестелер негізінде құрылатын болсын. Алынған басылымды қарап шығу.
Барлық алынған басылымдарды талдап шығу.
Көшіру амалын қолданып мәліметтерді енгізу
Отырыр кітапханасы мәліметтер базасының Оқулықтар кестесіндегі кейбір мәліметтерді жаңа Менің кітапханам мәліметтер базасының Менің оқулықтарым кестесіне көшірейік.
Microsoft Acces программасын іске қосыңыз.
Жаңа Менің кітапханам мәліметтер базасын құрыңыз.
Конструктор режімінде жаңадан Менің оқулықтарым кестесін құрыңыз. Бұл кесте
келесідей өрістерден тұратын болсын:
өріс атауы өріс типі
Кітаптың аты мәтіндік
Кітаптың авторы мәтіндік
Баспасы мәтіндік
Шыққан жылы мерзім/уақыты
Кітаптың нөмірі мәтіндік
Көлемі сандық
Бағасы қаржылық
4. Тағы бір Accessті іске қосыңыз және ондағы Отырар кітапханасы мәліметтер базасын ашыңыз.
5. Тізімнен Оқулықтар кестесін тауып, оны кесте режімінде ашыңыз.
Кестенің жоғарыда аталған өрістеріне сәйкес жазбаларын ерекшелеп алыңыз.
6. Ерекшеленген жазбаларды алмасу буферіне орналастырыңыз.
7. Менің кітапханам мәліметтер базасына өтіп, Менің оқулықтарым кестесіндегі бірінші жолын ерекшелеп алыңыз.
8. Сонан соң алмасу буферіндегі мәліметтерді қойыңыз. Экранда хабар пайда болады: Келесі жазбалар санын кірістіруге әрекет жасалуда:
9. Жазбалар қойылсын ба? Иә деп жауап беріңіз. Алмасу буферіндегі мәліметтер жаңа кестеге енгізіледі.
Тапсырма 1
Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать)
батырмасын басу.
Автобасылым: бағанаға (Автоотчет: в столбец) режимін таңдау.
Бір кесте негізінде басылым жасау және алынған басылымды қарап шығу.
Тапсырма 2
Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу.