Зертханалық жúмыс №1


Студенттің өзіндік жеке жұмыс тапсырмалары



бет76/136
Дата15.12.2023
өлшемі8,58 Mb.
#137961
түріҚұрамы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   136
Байланысты:
Жаңа Лаборатория инф-2

Студенттің өзіндік жеке жұмыс тапсырмалары:
1. Блокнот программасын іске қосыңыз. Қазақ әріптерімен мәтін жаза алмайтын болсаңыз, ағылшын тіліндегі мына мақалаларды теріп жазыңыз да Студент деген атпен файл ретінде сақтап қойыңыз.

  1. Poverty is no sin (Кедей болу-күнә емес)

  2. As you sow, you shall mow (Не ексең, соны аларсың)

  3. Lost time is never found again (Өткен уақыт қайта оралмайды)

2. Ағылшынша жазылған мақалалардың тұсына қазақшасын теріп жазыңыз. Қаріптің мөлшерін үлкейтіп, жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп өзгертіңіз.
3. Үш мақалды үш түрлі түске өзгертіңіз.
4. Осы мақалалардың соңына Блокноттың мүмкіндігін пайдаланып, күн-ай мерзімі мен уақытты жазып қойыңыз.
5. WordPad редакторында төмендегі өлең шумақтарын теріп жазып, Файл деген атпен сақтап қойыңыз:
Өмір деген шешуі жоқ мың сұрақ,
Сол мың сұрақ жүйкемді жүр шымшылап.
Мың сұраққа жауап таба алмадым,
Бұл өмірде көп болғаны-ау тылысым-ақ .
6. WordPad редакторында жаңа файл құрыңыз. Апта ішіндегі күн аттарын маркерленген тізім ретінде жазыңыз. Әр күн атын әртүрлі түспен, әртүрлі көлемге өзгертіңіз. Апта деген атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап қойыңыз.
7. WordPad редакторын іске қосыңыз да, Файл деген атпен сақталған құжатты ашыңыз. Осы файлдың соңына Апта файылындағы мәтіннің көшірмесін орналастырыңыз.
8. Құжаттағы Неге деген сөзді тауып, оны қашан деген сөзге өзгертіңіз де қайтадан қалпына келтіріңіз.
9. Маркерленген тізімді алып тастаңыз. Файлдың атын өзгертіп Апта 1 деген атпен сақтаңыз.
10. Апта 1 файлының соңына Студент файылындағы мақалалардың көшірмесін орналастырыңыз.
11. Менің құжаттарым бумасына Топ (мамандықтарынызды) деген атпен жаңа бума құрыңыз. Осы бумаға WordPad-та жазылған файлдарыңызды, Блокнотта жазылған файлдарыңызды сақтап қойыңыз.
Бақылау сұрақтары

  1. Блокнот программасы қалай іске қосылады? Қандай мүмкіндіктері бар?

  2. WordPad редакторы қалай іске қосылады? WordPad редакторының Блокнот программасынан қандай айырмашылығы бар?

  3. WordPad программасының меню қатарындағы командаларын сипаттаңыз.

  4. Мәтінді туралау әрекеті қалай іске асырылады?

  5. Маркерленген тізім қалай құрылады?

  6. Символдарды табу және Ауыстыру режимі қалай жұмыс істейді?

  7. Файлдың аты қалай өзгертіледі?

  8. Бір файлдағы құжаттың көшірмесін екінші файлға орналастыруға бола ма?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет