Зертханалық жúмыс №1



бет82/136
Дата15.12.2023
өлшемі8,58 Mb.
#137961
түріҚұрамы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   136

Құжатты жабу


Құжатты жабу үшін: Файл – Жабу (Закрыть) немесе Жабу батырмасына шерту, + пернелер комбинациясын басу қажет. Егер құжатқа өзгертулер енгізілген болса, онда Word-ң өзгертулерді сақтау мүмкіндігі бар.
Дайын құжатты ашу
Word ортасында дайын құжатты ашу “Құжатты ашу” сұхбат терезесі арқылы орындалады. “Құжатты ашу” сұхбат терезесін ашу үшін төмендегі тәсілдердің бірін қолданыңыз:
- Файл – Ашу (Открыть) командасын таңдау;
- пернетақтадан <Ctrl>+<0> басу;
- стандартты саймандар тақтасындағы ашу батырмасына шерту.
Құжатты форматтау
Мәтінді форматтау формат менюінің немесе форматтау тақтасының құралдарымен іске асырылады. Негізгі форматтау тәсілдері: қаріп түрін таңдау және өзгерту, қаріп өлшемін, қаріптің түсі мен жазылуын, туралау әдістерін таңдау.
Қаріпті таңдау Формат – Қаріп командасының көмегімен орындалады. Мәтінді жылдам форматтау үшін саймандар тақтасын қолдануға болады.

1.5-сурет. Қаріп сұхбат терезесі.
Абзац – Enter пернесін басқандағы мәтін бөлігі. Азат жол параметрлерін Формат – Абзац командасын немесе сызғыш арқылы орнатуға болады.
Беттерді форматтау.
Беттерді форматтау: парақ өрістерінің көлемін орнату, парақ бағытын таңдау.
¤ріс – беттің 4 қырынан орын қалдыратын негізгі мәтін орналасатын аудан.
Құжат өрісін екі жолмен өзгертуге болады: Файл – Параметры страницы немесе сызғыш арқылы.
Тапсырмалар:
1. Word мәтіндік редакторын қосудың үш түрлі жолын көрсетіңіз.
2. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы басқару батырмалары арқылы мәтінді кішірейтіңіз, үлкейтіңіз, жасырып (бүктеп), қалпына келтіріп қойыңыз.
3. Файл менюінің командалары арқылы жаңа құжатты ашып, сол құжатты өз атыңызбен сақтаңыз.
4. Құжаттың оң жағынан 2 см, сол жағынан 1,5 см ал жоғарғы және төменгі жақтарынан 2 см қалатындай орналастыр.
5. Осы құжатқа өмірбаяныңызды теріп жазыңыз.
6. Әр азат жолды әр түрлі қаріппен және қарайтылған, қисайтылған, асты сызылған етіп сол (оң) жаққа туралауды қолданыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет