Зертханалық жúмыс №1


Редактормен жұмысты аяқтау (доғару) кез келген



бет81/136
Дата15.12.2023
өлшемі8,58 Mb.
#137961
түріҚұрамы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   136
Байланысты:
Жаңа Лаборатория инф-2

Редактормен жұмысты аяқтау (доғару) кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіле береді, мысалы:
1. Файл – Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы;
2. Редактор терезесінің тақырып жолынан оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (X) басу арқылы;
3. Тікелей Alt + F4 пернелерін басу арқылы т.б.

1.1-сурет. Word программасының терезесі.


Word программасының терезесінде Windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар. Word – ң терезесі тақырып қатары, меню қатары, саймандар тақтасы, форматтау саймандар тақтасы, қалып-күй қатары, сызғыш, жұмыс аймағы, айналдыру жолақтарынан тұрады. Жұмыс жасау барысында басқа да саймандар тақтасын орнату қажет болса, оны да қосуға болады.
Т ақырып қатарында құжаттың аты және терезе өлшемдерін реттеуші үш батырма тұрады.

1.2-сурет. Терезе өлшемдерін реттеуші батырмалар.


Меню қатары Word-ң негізгі командаларынан тұрады. Тышқанды шертсек, осы менюге кіретін командалар тізімін ашып береді.

1.3-сурет. Меню қатары.


Саймандар тақтасында жиі қолданылатын меню командалары батырма түрінде бейнеленеді. Саймандар тақтасы “стандартты”, “форматтау” деген бөліктерден тұрады.

1.4-сурет. Саймандар тақтасы.
Саймандар тақтасынан кейін сызғыш орналасқан. Сызғыш құжаттың өрісі мен азат жолдарын реттеу үшін қолданылады. Егер экранда сызғыш көрінбесе, оны Түр – Сызғыш командасының көмегімен шығарып алуға болады.
Жұмыс аймағанда құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді. Мәтінді енгізу, форматтау, графиктік объектілерді енгізу және кестелерді жасау осы жұмыс аймағында жүргізіледі.
Қалып-күй қатары - экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Онда құжаттың ағымдағы күйі жайлы мәліметтер келтірілген.

Жаңадан құжат дайындау және сақтау


Жаңадан құжат даярлау Файл – Құру – Жаңа құжат (Новый документ) командасымен орындалады.
Құжат компьютердің оперативті жадысында дискіде файл түрінде сақталынады. Сақталынған құжатты өз атауымен немесе басқа атаумен және басқа орынға сақтауға болады.
Құжатты сақтау
Құжатты сақтау Файл – Сақтау немесе + пернелер комбинациясын басу арқылы орындалады.
Құжатты жаңа атаумен сақтау үшін Файл – ... деп сақтау (Файл – Сохранить как ...) – дискіні таңдау – файл атын енгізу - сақтау амалын орындау арқылы жүзеге асырылады.
Word программасында сақталынатын құжатты басқа форматта сақтауға да болады. Ол үшін Файл – ... деп сақтау терезесінен немесе пернесін басу арқылы файлдың типі тізімінен форматын таңдау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет