Мәтін үзінділерін көшіру және ауыстыру амалдарымен танысу.
Microsoft Word шеберінің және шаблондарының көмегімен жаңа құжат құруды уйрену. Құжаттарды мәтінмен толтырып объектілер енгізу, шекараларын қою.
Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:
Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.
Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.