Ескерту.Осы айтылған тәсілмен жасалынған сұрату конструктор режимінде бір рет қана орындалады.
Жасалынған сұратуды басқа режимде орындату үшін:
Запросыбөлімін ашып, керекті сұратуды белгілеп, <Открыть> батырмасын басыңыз.
Ашылған терезеде Гришин деген фамилияны теріп <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранда Гришин деген оқытушы туралы (оның аты, әкесінің аты, оқитын пәні) деректері бар кесте пайда болады.
Сұратуды сақтап, сұрату терезесін жабыңыз.
Конструктор көмегімен сұрату жасау. Фамилиясы, аты, әкесінің аты, топ номері, пән және пәндер бойынша бағалары көрсетілетін сұратуды Конструктор арқылы жасаңыз. Ол үшін:
Сұратуды жасау тізімінен Конструкторды таңдаңыз.
Қажет кестелерді (Студенттер, Бағалар, Пәндер) бір-бірден белгілеп, Добавить батырмасын басу арқылы таңдаңыз.
Студенттер, Бағалар кестесінен Фамилия, Аты, Әкесінің аты, топ номері өрістерін, ал Пәндер кестесінен Бағалар, Пән аты өрістерін. таңдаңыз. Ол үшінөрістің атын тышқан курсоры арқылы екі рет шертсеңіз болды немесе тышқан курсорының көмегімен өрістің атын сұрату ұяшығына сүйреп алып барасыз.
Бағаларөрісінің астындағы Условие отбора атты жолға 4 Or 5 деп жазыңыз. Саймандар панелінен Леп бегісі ! батырмасын басыңыз.
Сұратуды Успеваемость 1 деген атпен сақтаңыз.
Өз беттеріңізбен есептелетін өрісі бар сұрату (запрос с вычисляемым полем) жасап көріңіз. Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.
«Жалақы» (Зарплата) өрісін на 20 %. арттыру арқылы жасалынатын «Қосымша» (Надбавка) есептелетін өрісті өз бетіңізбен жасаңыз.
Өз беттеріңізбен айқастырылған сұрату жасауды үйреніңіз. Ол үшін Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.