Тақырыбы: «Word текстік процессоры. Текстік құжаттарды құру, редакциялау және форматтау»
Мақсаты: Word текстік процессорында текстік құжаттарды құру,
редакциялау және форматтау тәсілдерін меңгерту.
Негізгі түсініктер: Текстік процессорлар (мысалы, MS Word программасы)– текстік құжаттарды дайындау, түзету және қағазға басып шығару сияқты текстік редакторларға тән қарапайым әрекеттермен қатар, құжаттан берілген сөзді немесе фрагментті іздеу, алмастыру, текстік құжатқа макрокомандалардың көмегімен объектілер орналастыру, т.б. күрделі әрекеттерді де орындай алатын программа.
Құжат құруWord программасында екі түрлі жолмен орындалады: дайын шаблондарды (макеттерді) пайдалану және жаңа құжат (новый документ) негізінде құру.
Құжатты редакциялау терілген құжаттағы түрлі қателерді жөндеуді, текстегі фрагменттердің орындарын ауыстыру, алып тастау, қосу және т.б. қамтиды. Қате терілген символдарды жою BACKSPACE, DELETE пернелерінің көмегімен жаслады..
Текстік құжаттарды форматтаудыWord программасының терезесіндегі Форматирование саймандар панеліндегі батырмалар немесе негізгі мәзірдегі Формат опциясының командалары арқылы жүзеге асырады.
Текстік құжатты форматтау тәсілдері:
Шрифт гарнитурасын таңдау және өзгерту
Шрифт өлшемін өзгерту
Шрифтің сызылымын (начертание) өзгерту
Тексті бетке қатысты туралау
Маркерленген және номерленген тізімдер жасау
Абзацтың параметрлерін орнату.
Құжатты сақтау. Word текстік процессорының құжаттары стандарт кеңеймесі .doc болып келетін файлдар түрінде сақталады. Құжаттарды сақтау әдісінің параметрлері, Сервис ->Параметры командасының терезесіндегі , Сохранение жапсырмасы бөлімінде көрсетіледі.