Графиктік объектілерге формулаларды Надписьбатырмасының немесе объектінің контекстік мәзіріндегі Добавить текст командасының көмегімен қоюға болады.
4-жаттығу. Төменде көрсетілгендей кесте жасап есептеулер жүргізіңіз:
Апта күндері
Шығындар
Азық-түлік
Транспорт
Қыдыру
Басқа
Барлығы:
тамақ
уақ-түйек
Жұмыс күні
100
30
60
50
30
Демалыс
250
100
120
500
200
Бәрі:
Жоғарыда аталған тәсілдердің бірін пайдаланып кесте құрыңыз;
Белгіленген ұяшықтарды біріктіру үшін Кесте -> Объединить ячейки командасын пайдаланасыз;
Ұяшықты бөлу үшін Кесте->Разбить ячейки командасын пайдаланасыз;
Кестені көркемдеу Формат ->Границы и Заливка арқылы жасалады;
5. Бәрі жолында қосындыны есептеу формуласын жазыңыз: курсорды Тамак бағанына қойыңыз да , Кесте->Формула командасын орындаңыз; 6. Терезеде пайда болған формула: =SUM(ABOVE), формула орналасқан ұяшықтың жоғарысындағы ұяшықтардағы сандардың қосындысын табады;
7. Қалған бағандарда солай есептеледі;
8. Барлығы бағанына формуланы өзіңіз жазыңыз.
Өздік жұмыс тапсырмалары: (Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
5-кестедан алынады)
1. Редактор формул формулалар редакторын пайдаланып … өрнектерді жазыңыз /1-тапсырма/.
2. ... тақырыбындағы кесте құрып, кестеге мәліметтер енгізіңіз және формулаларды қолданып есептеулер жүргізіңіз /2-тапсырма/:
5-кесте
Нұсқа №
1-тапсырма
2-тапсырма
1
у=
«Студенттер үлгірімінің ведомосі»
2
«Студенттер қатысымының
ведомосі»
3
«Товарды есепке алу»
4
«Төлемақы»
5
«Түскі ас есебі»
Бақылау сұрақтары: Текстке формула қалай қойылады?
Мақсаты: Текстік құжаттарға макростар қоюды үйрету.
Негізгі түсініктер: Макрос (немесе макропрограмма) – қолданушының тізбектей орындайтын бірнеше командалар жиынтығын біріктіріп белгілі бір пернелер комбинациясына немесе белгілі бір батырмаға меншіктейтін программа. Бұл әрекетті орындау үшін Word текстік процессорында қолданушының әрбір орындаған командасын немесе әрекетін программа түрінде тіркеп отыратын арнаулы макротранслятор болады. Макростарды, көбінесе бірсарынды әрекеттерді қайталап отырмас үшін қолданады. Макросты пайдалану қолайлы болу үшін оны орындауды саймандар панелінде орналасатын бір батырмаға немесе пернелер комбинациясына меншіктеп қояды, яғни ол батырмаға шерткенде немесе пернелер комбинациясын басқан кезде сіздің құрған макросыңызға сәйкес командалар тізбегі автоматты түрде бірден бір команда сияқты орындалады. Макросты жазу үшін Сервис->Макрос->Начать запись командасы орындалады немесе қалып-күй қатарындағы ЗАП индикаторына екі рет шертіледі.