Зертханалық жұмыс №1



бет10/12
Дата10.03.2023
өлшемі1,37 Mb.
#72841
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Механика зертханалық жұмыстар (1)

Әдебиеттер





  1. Лабораторный практикум по физике. (Под редакцией А.С Ахматова, Москва. «Высшая школа », 1980 )

  2. Китаева Л.П «Рекомендации по оценке погрешности измерений в физическом практикуме», Томск 1983

  3. И.В Савельев, Жалпы физика курсы ,1 том, Алматы : Мектеп, 1977

  4. С.Э Фриш және А.В. Тиморева. Жалпы физика курсы. 1 том, Алматы Мектеп, 1971

  5. Т.И. Трофимова. Курс физики. М.: издательский центр. Академия, 2006

№6 зертханалық жұмыс


Импульстің сақталу заңын оқып үйрену
Мақсаты: Денелердің соқтығысын зерттеу, импульс пен энергияның сақталу заңын тексеру, өлшеу қателіктерін бағалау.
Қысқаша теориялық мәліметтер
Соқтығыс – денелердің өзара қысқа мерзімді әсерлесуі. Орталық соқтығыс деп өзара әсерлесуші денелердің жылдамдық векторлары олардың масса центрлерін қосатын түзудің бойымен бағытталатын соқтығыс түрін айтады.
Абсолют соқтығыс деп тек консервативті күштер ғана әсер ететін, сондықтан өзара әсерлесуші денелер жүйесінің механикалық энергиясы сақталатын соқтығысты айтады.
Абсолют серпімсіз соқтығыстан кейін денелер тұтас дене құрап, бірдей жылдамдықпен қозғалады.
Механикалық жүйе – тұтас дене ретінде қарастырылатын материалдық денелер жиынтығы. Егер механикалық жүйеге сыртқы денелердің әсері болмаса, онда ол тұйықталған деп аталады.
Тұйықталған жүйеге енетін денелер өзара әсерлескенде импульстің сақталу заңы орындалады.
Импульстің сақталу заңы былайша тұжырымдалады: Тұйықталған жүйеде жүйеге енген барлық денелердің импульстерінің векторлық қосындысы тұрақты болады. Егер тұйықталған механикалық жүйе N денеден тұрса, жүйенің импульсі:




  1. өрнек импульстің сақталу заңының өрнегі.

Тұйықталған механикалық жүйе үшін импульстің сақталу заңы:

Абсолют серпімді соқтығыстан кейін денелердің деформациясы толығымен жойылады, сондықтан импульстің сақталу заңымен қатар механикалық энергия да сақталады.
Абсолют серпімсіз соқтығыстан кейін денелердің деформациясы ішінара жойылмай қалады, сондықтан механикалық энергия сақталмайды, тек импульстің сақталу заңы орындалады.
Егер екі дене орталық серпімді соқтығысса, импульстің сақталу заңы:

Яғни денелер соқтығысқанға дейінгі импульстерінің векторлық қосындысы, денелер соқтығысқаннан кейінгі импульстерінің векторлық қосындысына тең болады.
Ал екі дене орталық серпімсіз соқтығысса, импульстің сақталу заңы:

Мұндағы: денелер соқтығысқанға дейінгі жылдамдықтары.
сол денелердің соқтығысқаннан кейінгі жылдамдықтары.
Механикалық энергияның қалпына келу коэффициенті деп денелер жүйесінің соқтығыстан кейінгі кинетикалық энергияларының соқтығысқа дейінгі кинетикалық энергиясына қатынасын айтады.

коэффициенті соқтығыс кезінде механикалық энергияның шашырауын сипаттайды және өзара әсерлесуші денелердің серпімді қасиеттеріне тәуелді болады. Соқтығыс абсолют серпімді болса , ал серпімсіз болса (нақты жағдайларда)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет