Зертханалық жұмыс №2 Тақырып



бет3/17
Дата13.10.2022
өлшемі1,53 Mb.
#42802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
тех карта

Керекті құрал-жабдықтар:бейнеролик, таратпалар, шикізат(топырақ), технологиялық карта
Теориялық бөлім
Кіріспе
Еңбек жағдайы - еңбек үдерісінде адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне әсер ететін өндірістік орта факторларының жиынтығы.
Еңбек жағдайын құрайтын факторлардың мынадай негізгі топтары бар:
1)санитарлық-гигиеналық факторлар — зиянды химиялық заттар, өндірістік шуыл, шаң-тозаң, діріл, электр-магниттік өpic пен электр өрісі, сәуле (ионданушы, лазерлік, ультракүлгін), өндірістік үй-жайдағы микроклимат, жарық, т.б.;
2)психологиялық-физиологиялық факторлар — ауысымдағы тұрақты жүктеме, көтеретін жүктің бір жолғы шамасы, жұмыс қарқыны, зейінге түсетін күш, бір сарындылық, жүйке-сезімге түсетін күш, жайсыздық, ауысымдылық, т. б.;
3)эстетикалық факторлaр — үй-жайдын, жабдықтың, арнаулы киім-кешек пен аяқкиімнің сәндік-көркемдік тұрғыдан безендірілуі, жарық-түс композициясының үйлесімі, т. б. Бұл орайда өндірістік фактордың рұқсат етілген шекті деңгейіне, қауіпті деңгейіне және зиянды деңгейіне ажыратылады.
Қызметкердің еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті өндірістік факторлар мен олардың әсер ету деңгейлерінің болуымен, ауырлық дәрежесімен, кернеулігімен, еңбек процесімен және жұмыс орнын ұйымдастыруымен сипатталады.
Жұмысшының денсаулығына қолайсыз әсері еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, кәсіптік аурулар мен уланулардың дамуымен, жәй патологиялардың дамуы және күшеюінің жиіленуімен, ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуімен, ұрпақтарының денсаулығының бұзылуымен білінетін факторларды зиянды факторлар деп айтады.
Қауіпті факторлар деп, денсаулықтың жедел бұзылуын, тіпті, адамның өлімін де туғызуы мүмкін, зиянды факторларды атайды.
Барлық зиянды факторларды, басқаша айтқанда, кәсіптік зияндылықтар деп айтады, ал олардың адам ағзасына тек сол факторлардың әсерімен немесе олардың басым әсер етуі нәтижесінде пайда болатын ауруларды - кәсіптік аурулар деп атайды. Бұл кезде кәсіптік аурулардың екі тобын ажыратады.
Бірінші топқа, сол ауруларға тән белгілердің дамуындағы басты немесе жетекші рөл тек бір ғана өндірістік факторға тиесілі болатын аурулар жатады. Мұндай кәсіптік ауруларға мысалы, діріл ауруын, силикозды, сынаптық улануды жатқызуға болады. Мысалы, силикоз тек бос күйіндегі кремний қос тотығы бар шаңмен тыныс алғанда, сынаптан улану – тек сынап қосылыстары әсер еткенде ғана дамиды.
Екінші топқа әр түрлі факторлардың әсерінен пайда болатын, бірақ, нақты жағдайларда аурудың дамуында өндірістік ортаның белгілі бір факторымен себептік байланысы дәлелденген, аурулар жатады. Мұндай ауруларға мақта шаңымен байланысы болған жұмысшыларда дамыған кәсіптік бронх демікпесін, туберкулезбен ауратын жануарлармен жұмыс істеген мал дәрігерлерінің кәсіптік туберкулезін және де басқаларды жатқызуға болады.
Кәсіпорындардың жұмысшыларына емдеу- аурудың алдын-алу көмегін ұйымдастыру.
Жұмысшылардың денсаулығын сақтау және нығайту, кәсіптік зияндылықтардың қолайсыз әсерінің алдын алу үшін, бағыты бойынша ұқсас, бірақ әр түрлі өндірістерде өзіндік ерекшеліктері бар, сауықтыру шараларының тұтас кешенін жүргізеді. Бұл шаралардың мазмұны еңбек жағдайын сауықтыру және медициналық жолмен жұмысшылардың денсаулығы бұзылуының алдын алу болып табылады. Алдын алу шараларының кешеніне кіретіндер:
1. Заңдылық;
2. Технологиялық
3. Техникалық және санитарлық-техникалық;
4. Ұйымдастыру;
5. Емдеу-алдын алу.
Заңдылық шараларға өндірістік факторларды гигиеналық нормалау, стандарттарды, еңбек жағдайын сауықтыру бойынша санитарлық ережелер мен ұсыныстарды дайындау, сонымен қатар құқықпен бекітілген жұмысшылардың еңбегін қорғау жатады.
Бұл шаралардың құқықтық негізін еңбекті қорғау жөніндегі заңдылық құжаттар және, еңбек гигиенасы жөніндегі нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік құжаттар мен стандарттар құрайды.
Алдын алу шараларының ішінде жеке басты қорғайтын құралдарды қолдану міндетті болып табылады. Оларға теріні, тыныс алу мүшелерін, көзді және т.б. қорғауға арналған әр түрлі құралдар кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет