Зертханалық жұмыс №2 Тақырып



бет4/17
Дата13.10.2022
өлшемі1,53 Mb.
#42802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
тех карта

Тәжірибелік бөлім
Жұмыс барысы

Қорытынды нұсқау (20минут)
Берілген тапсырма бойынша анықталатын қателіктерді талдау.
Бағалау критериелері:
«А»-орындалған жұмыс қатесіз өз деңгейінде жасалынған.
«В»-орындалған жұмыс барысында бір қате жасалынса
«С»-орындалған жұмыс барысында екі қате жасалынса
Бақылау сұрақтары:
1.Химиялық өндірісті құраушылар?
2.Химиялық-технология нені зерттейді?
3.Ылғалдылықты қалай анықтадың?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Фурмер И.,Зайцев В., Общая химическая технология.-М.:Высш.шк., 1986.-231 с
2.Н.Жакирова. Жалпы химиялық технология. Оқу құралы.-Алматы, ССК, 2018.-1-25 бет
3.Аппаратчик коксохимического производства.Мениович Б. –М.:Металлургия, 1987. 408 с
3.Н.Жаданов.Еңбек қорғау:Оқу құралы.-Астана:Фолиант, 2010.-200 бет


Зертханалық жұмыс№3
Тақырып: Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің сапасына зертханалық бақылауды ұйымдастыру. Химиялық өнімдерді айдау. Талдаудың физико-химиялық әдістерінің негіздері. Химия өнеркәсібіндегі су.
Мақсаты: Шикізаттар мен дайын өнімге зертханалық бақылау жасайды. Химия өнеркәсібіндегі шикізат – судың кермектігін анықтайды.
Керекті құрал-жабдықтар:бейнеролик, таратпалар, шикізат(топырақ), технологиялық карта Теориялық бөлім
Кіріспе
Талдаудың физика-химиялық немесе құралдық әдістері аналитикалық реакция нәтижесінде орындалған зерттелетін қосылыстың белгісінің физикалық параметрін құрал-жабдық көмегімен өлшеуге негізделген әдіс. Кез-келген дайын өнімнің сапасын анықтауда физика-химиялық талдау әдістерінің (ФХТӘ) ролі зор. Әсіресе дәрі-дәрмек тазалығы, тағам құрамын, объектілердің құрамын, қоршаған орта ластануын зерттеуде кеңінен қолданылады.
Талдаудың физика-химиялық әдістерінің ерекшеліктері:
- әдістің сезімталдылығы шамамен ~ 10-10 % құрайды,
- селективті,
- Тез орындалады, яғни экспрессті,
- технологиялық процесті қашықтықтан және дистанционды басқараалады,
- оңай автоматтандырылады,
- белгісіз қосылыстың сапалық және сандық мәліметін бірден береалады және т.б.
Талдаудың физика-химиялық әдістерінің кемшілігі:
- кейде (үнемі емес) аналитикалық нәтижелердің талғампаздығыхимиялық әдістермен салыстырғанда анағұрлым төмен,
- физикалық және физика-химиялық әдістерінің анықтау қателігішамамен 5% (кей жағдайда 20%), ал химиялық әдістер 0,1-0,5%аспайды,
- эталондардың қолданылуы,
- қолданылатын құрал-жабдықтардың құнының жоғарылығы.Осыған орай классикалық химиялық (гравиметрия, титриметрия)әдістердің өзектілігі де жойылмайды, себебі химиялық әдістер орындалуы жағынан қарапайым, зерттелетін компонент мөлшері көп болған жағдайда ыңғайлы.
Айдау — қоспаларды қыздырып бөлу процесі мен әдісі; ол сұйықтық құрамының одан түзілетін бу құрамынан айырмашылығына негізделген сұйық; сұйықтықты ауа қатыстырмай қыздырып, буға айналдырып, буды салқындатып қайтадан сұйылту; қоспадағы сұйықтықтарды бір-бірінен бөлу үшін қолданылады.
Өнеркәсіптің көптеген салаларында су қатты, сұйық және газ тәріздес заттардың еріткіші ретінде, су алу үшін қолданылады (мысалы, суға суспензиялар, гравитациядағы целлюлоза және флотациялық байыту қажет). Өнеркәсіптік суларда еріген тұздардың көп мөлшері болмауы керек. Ерітілген тұздардың шекті рұқсат етілген концентрациясы судың қолданылатын өндірісіне байланысты ГОСТ белгілейді.
Техникалық, агрохимиялық талдау тәжірибесінде, тамақ өнеркәсібінде және халық шаруашылығының басқа салаларында су кермектігін анықтауда комплексонометриялық титрлеу жиі қолданылады.Құрамында кальцийдің және магнийдің еріген гидрокарбонат, хлорид және сульфат тұздары бар суды кермек су деп аталады.Судың кермектілігі уақытша (жойылатын) және тұрақты болып екіге бөлінеді.Кальций мен магнийдің гидрокарбонаттары суға уақытша кермектік береді.Суды қайнатқанда гидрокарбонаттар аз еритін карбонаттарға айналады:
Ca(HCO3)2=CaCO3+CO2l+H2O
Mg(HCO3)2=MgCO3+CO2l+H2O
Судың уақытша кермектілігі осылай жойылады.Тұрақты кермектілік суда еріп жүрген кальций және магний сульфаттарының нәтижесінде пайда болады.Жалпы кермектілік тұрақты және уақытша кермектіктің қосындысына тең.Судың кермектілігі 1 литр судағы кальций және магний иондарының милимоль-эквивалентімен өлшенеді.
Табиғи сулар кермектік дәрежесіне қарай:
өте жұмсақ су----(1,5ммоль-экв дейін)
жұмсақ су-------(1,5-3,0 ммоль-экв)
орташа кермек су—(3,0-6,0 ммоль –экв)
кермек су----(6,0-9,0 ммоль-экв)
өте кермек су----(9,0 дан жоғары)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет