Тақырыбы: Нуклеопротеидтердің құрамдас бөліктеріне сапалық реакциялар.
Мақсаты: 1) Нуклеопротеидтердің құрылысы, қасиеттері және ролі туралы білім қалыптастыру.
2) Нуклеопротеидтердің құрамдас бөліктеріне сапалық реакциялардың пайдалану жолдары түсіндіру.
Анықтау әдісі:пробиркаға гидролизаттың 5 мл құяды, 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі арқылы лакмус бойынша бейтараптандырады және 3-5 тамшы Фелинг реактивін қосады. Араластырып болған соң пробирканы сары түс пайда болғанша қыздырады. Кейін сары немесе қызыл тұнба пайда болады.
Химизмі: CuSO4 + 2NaOH Cu(OH)2 + Na2SO4 Глюкоза + Cu(OH)2 глюкозаның тотығу өнімдері + 2CuOH + Н2О
сары
CuOH Cu2O + Н2О
қызыл
б) Молиш реакциясы
Анықтау әдісі: 10 тамшы гидролизатқа 2 тамшы α-нафтолдың спирттегі ерітіндісін тамызып шайқап, оның үстіне бірдей көлемде концентрлі күкірт қышқылын қабат түзетіндей етіп пробирканың қабырғасы арқылы құяды. Осы кезде екі сұйықтың шекарасында күлгін сақина түзіледі.
Химизм: күкірт қышқылының әсерінен көмірсулардан оксиметилфурфурол түзіледі. Ол α-нафтолмен әрекеттесіп боялған комплексті зат түзеді.
Анықтау әдісі: пробиркаға 10 тамшы гидролизат құяды, үстінен 2 тамшы аммиактың концентрлі ерітіндісін және 5 тамшы AgNO3 1% ерітіндісін қосады. Қоңыр тұнба пайда болады.
Химизм: сілтілі ортада пурин негіздердің қоңыр түсті күміс қосылыстары түзіледі.
Нулеотид туындылары - нуклеозиддифосфат (НДФ), нуклеозидтрифосфаттар (НТФ), маңызы.
ДНҚ, құрылысы, нуклеотидтік құрамы, комплементарлық нуклеотидтік тізбектер, ДНҚ құрылымын тұрақтандыратын байланыстар. тірі ағзалар үшін ДНҚ-ң маңызы.
РНҚ, нуклеотидтік құрамы, құрылысы, РНҚ түрлері (м РНҚ, т РНҚ, р-РНҚ).
м-РНҚ, біріншілік, екіншілік, үшіншілік құрылымдары, м-РНҚ-ң нуклеотидтік коды туралы түсінік, кодтың қасиеттері.
т-РНҚ, құрылысы, рөлі, құрылымдары.
р-РНҚ, құрылысы, рөлі, құрылымдары.
Рибосома, полисомалар, құрылысы, рөлі.
Дайындалуға ұсынылатын электронды ресурстар:
Нуклеопротеидтер - https://youtu.be/iAIRR6nXAdM https://biokhimija.ru/belki/nukleoproteiny.html ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕПТЕР ПЕН ЖАТТЫҒУЛАР
Жаттығулар: Келесі нуклеотидтердің және оның туындыларының формуласын жазыңыз:
АМФ, АДФ,АТФ
УМФ,УДФ,УТФ
цГМФ
ДНҚ-ң құрамына кіретін келесі 3 нуклеотидті өзара байланыстырып көрсетіңіз: дАМФ, дЦМФ, ТМФ. ДНҚ молекуласының біріншілік құрылымын тұрақтандыратын байланысты көрсетіңіз және атаңыз.
Үш нуклеотидтен тұратын мРНҚ-н үзіндісін жазыңыз. м-РНҚ молекуласының біріншілік құрылымын тұрақтандыратын байланысты көрсетіңіз.
Жағдайлық есеп №1 Дезоксирибонуклеопротеидтің қышқылдық гидролизі өткізілді. Гидролизатта УМФ, ЦМФ, АМФ бар екенін анықтауға бола ма? Жауабаңызды түсіндіріңіз.
Жағдайлық есеп №2 Рибонуклеопротеидтің жартылай қышқылдық гидролизі өткізілді. Гидролизатта ТМФ, ГМФ, д-АМФ бар екенін анықтауға болады ма? Жауабаңызды түсіндіріңіз.