Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Автоматтандыру және басқару кафедрасы
Зертханалық жұмыс №5.
MATLAB бағдарламалау негіздері
Пәні: Автоматика есептеріндегі математикалық әдістер
Мамандығы: Автоматтандыру және басқару
Орындаған:Казбекова Аружан
Тобы: АУк-21-1
Тексерген: Ешпанова М
____________ ____________ «___» _____________ 2022 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2022
Жұмыстың мақсаты:MATLAB-тың бағдарламалық файлдарының түрлерін оқып үйрену және олармен жұмысты меңгеру.
5.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма
Зертханалық жұмысты орындау барысында студент келсілерді орындау керек:
- m-файлдардың түрлерін оқу;
-файл-функциялары мен скрипт-файлдарының арасындағы айырмашылықты түсіну;
- m-файлдарын жасау дағдыларын алу;
- қатынас операторлары мен логикалық операторларды оқу.
5.2 M-файл түрлері
Бұрын MATLAB бұйрық терезесі «ғылыми калькулятор» ретінде қолданылды. Дегенмен, MATLAB қуатты бағдарламалау тілі, сонымен қатар интерактивті есептеу ортасы болып табылады. MATLAB-та файлға тізбектелген бұйрықтарды жазып, және бұл файлды біртұтас ретінде орындауға болады. MATLAB-та бағдарламалық файлдардың екі түрін жасауға болады: скрипттер мен файл-функциялар. Бұл файлдардың кеңейтімі .m жәнеолар m-файлдар деп аталады.
Скрипт файлдар - бірге орындалатын бұйрықтар тізбегі бар бағдарламалық файлдар. Скрипттердің кіріс айнымалылары жоқ. Олар бұйрық терезедегі деректермен жұмыс істейді.
Барлық скрипттер m-файлдар болып табылады. Бірақ барлық m-файлдар скрипттер емес.
Функция –тапсырманы бірге орындайтын өрнектер тобы. MATLAB функциясы бөлек файлда анықталады. Бұлда кеңейтімі*.m бағдарламалық файлдар. Өз .m-файлыңды жасау үшін MATLAB редакторын немесе кез келген басқа редаторды пайдалануға болады. Функцияның m-- файлы әрқашан function деген сөйлемнен және .m-файл атымен басталады. Функция атымен .m-файл аты сәйкес келуі керек.
Функция келесі түрде жазылады:
function [out1,out2, ..., outN] = myfun(in1,in2,in3, ..., inN),
мұндағы myfun – функцияның аты.
Функцияның бірінші жолы function кілттік сөзінен басталуы керек. Ол функция атын және айнымалылар тізімін береді. Осы жолдан кейін бірден түсініктеме жолдарын қоюға болады (бағдарламаның коды мен алгоритміндеріне түсініктеме беру үшін, %символын түсініктеменің басы мен аяғында қою керек). Бұл жолдар helpmyfun командасын тергенде пайда болады.
Функцияға жергілікті және ауқымды (негізгі) жұмыс кеңістігі ұғымы қолданылады. Оған MATLAB бұйрық жолынан қол жеткізуге болады. Функцияның бірнеше кіріс (in) және бірнеше шығыс айнымалысы (out) болуы мүмкін.
Мысал:
function f=myfunction(x)
f=log(x)/sin(x)
Қарастырылып отырған мысалда myfunction функциясының кіріс аргументі – х, ал шығыс шамасы f есептеу нәтижесі болып табылады. Файл-функцияны бірінші жолында көрсетілген атауымен сақтау керек. Құрылған функцияны бұйрық жолда немесе басқа функцияның ішінде шақыруға болады. Келтірілген мысал үшін, функцияны шақыру кезінде нәтиже f айнымалысында көрсетіледі:
>>myfunction(2)
f =
0.7623
Достарыңызбен бөлісу: |