Зертханалық жұмыс №6 5 ші аналитикалық топ катиондары


Сілтілік ортадағы қалайы (ІІ) хлоридінің әсері



бет3/8
Дата13.12.2022
өлшемі138,05 Kb.
#57099
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5 топ зертхана

3. Сілтілік ортадағы қалайы (ІІ) хлоридінің әсері:
Станнум (ІІ) хлориді сілтілік ортада висмут (ІІІ) ионын бос күйге дейін тотықсыздандырады. Алдымен SnCI2 ерітіндісінен натрий станитін алады:


Осы ерітіндіге висмут (ІІІ) тұзы ерітіндісін қосады, алдымен:

Одан кейін:

Реакция нәтижесінде қара түсті тұнба түзіледі. Реакция өте сезгіш.
Реакцияның орындалуы:
SnCI2 ерітіндісінің 2-3 тамшысына NaOH ерітіндісін тамшылатып қосады, түзілген тұнба толық ерігенше тағы да артық мөлшерде 1-2 тамшы NaOH ерітіндісін қосады. Осы ертіндіге Ві3+ ертіндісін қосып, қара түсті тұнба түзілгенін байқау керек.


Fe2+ катионының жекелік реакциялары
1. Сілтілердің (NaOH, KOH) әсері:
Сілтілер темір (ІІ) иондарымен әрекеттескенде ақ түсті темір (ІІ) гидроксидін түзеді:


Бірақ бұл тұнба ауада тез тотығады да, жасылдан қызыл қоңыр түске дейін өзгереді:

Реакцияның орындалуы:
Темір (ІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына осынша көлем NaOH ерітіндісін қосып, тотыққанын байқауға болады.


2. Аммиак ерітінділерінің (NH4OH) әсері:
Аммиак ертінділері әсерінен темір (ІІ) иондары ақ түсті тұнба түзеді:


Бірақ реакция аяғына дейін жүрмейді, себебі бұл ертіндіде Fe(OH)2 түзілуіне рН жеткіліксіз. Реакция жүру үшін рН 12-13-ке тең болуы керек. Аммоний тұздары тұнбаның түсуіне кедергі жасайды.
Реакцияның орындалуы:
Темір (ІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына осындай көлемде NH4OH ерітіндісі қосылады.


3. Калийдің гексацианоферратының (K3[Fe(CN)6]) әсері:
Темір (ІІ) иондары калийдің гексацианоферратымен (ІІІ) «Турнбулен көгі» атты көк түсті тұнба түзеді:


Реакция өте сезгіш. Түзілген тұнба тұз қышқылында ерімейді, бірақ сілтілер әсерінен бұзылады:

Қазіргі көзқарас бойынша бұл реакция «Берлин лазуріне» ұқсас, яғни реакция мына теңдеу бойынша жүреді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет