Зертханалық ЖҰмыс №6



Дата19.09.2023
өлшемі207,33 Kb.
#108802
Байланысты:
УМКД Ф-21-1 тшэ




ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №6


МЕХАНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС. ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҒЫ, БІР ҚАЛЫПТЫ ЖӘНЕ БІР ҚАЛЫПСЫЗ ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫ ҚОЗҒАЛЫС ҰҒЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТЕРДІ ҚОЮ ТЕХНИКАСЫ.


1-тәжірибе. Демонстрациялық столға өзі жүретін кішкентай арбаша және ағаш білеуше санақ денесі орнатылады. Арба қозғалысы столға қойылған білеушемен салыстырғандағы орынның өзгеруі арқылы бақыланады (1а-сурет).


2-тәжірибе. Арбаша үстіне білеуше қойып тәжірибе қайталанады. Білеушемен салыстырғанда, арба тыныштықта, ал столмен салыстырғанда білеушемен бірге қозғалады (1а-сурет).


3-тәжірибе. Арбаны платформаға қойып, платформаны стол үстімен қозғалысқа келтіреді. Арба платформамен салыстырғанда тыныштық, ал столмен салыстырғанда қозғалыста болады. (1б-сурет)
Осы тәжірибелер арқылы механикалық қозғалыс, траектория, түзу сызықты, қисық сызықты қозғалыс жүргізілген жол ұғымдары қалыптастырылады.

а) 1-сурет б)


Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар


4-тәжірибе. Тамызғыш бекітілген арба стол үстінде сызғыш бойымен қозғалады. Арба қозғалған сайын тамызғыштағы бояулы сұйық тамады. Әрбір көрші тамшылардың ара қашықтығының бірдей болатыны демонстрациялық сызғыш арқылы өлшеу арқылы белгілі болады (2-сурет).
5-тәжірибе. Осы тәжірибе көлбеу жазықтықта қайталанады. Тамшылар ара қашықтығы циркульмен өлшенеді (2-сурет).
Бұл тәжірибелерден бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар ұғымдары қалыптастырылады.


Бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы


6-тәжірибе. Тамызғышы бар арба жазық қағаз бетімен қозғалысқа келтіріледі. Қағаз бетіндегі тамшылар сол уақыттағы арбаның орнын көрсетеді.Бірдей уақыт аралығындағы арбаның жүрген жолдары тең (2-сурет).

2-сурет


7-тәжірибе. Өзі жүретін арбаны стол үстінде белгіленген орыннан келесі бір белгіленген жерге дейінгі жүрген уақытын секундомермен өлшейді.
Бір қалыпты қозғалыстың жылдамдығы анықталады (3-сурет).

3-сурет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет