ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ: Қыздырылған металл спектрін бақылау:
а) Демонстрациялық стөл үстіне электр шамын орналастырып, ток көзіне реостат және кілт арқылы жалғап, тізбекті қосу.
ә) Спектроскоп окулярын көзге таяу. Спектроскоп саңылауын электр шамының қызған қылына бағыттау.
б) Шамның ең күшті жарықтануындағы спектрін бақылау, спектрдің барлық түстерін табу.
в) Кілтті ажыратып, түстердің орналасу тәртібін өзгертпей спектрді дәптерге салу. Спектрге сипаттама беру.
г) Спектр окулярын көзге таяп, күндізгі жарықтың спектрін бақылау. Суретін салып, қандай спектр екенін ата.
ғ) Алдыңғы бақыланған спектрді күндізгі жарық спектрімен салыстырып, қорытынды жасау.
д) Кілтті қосып, қызған металл спектрін шамның жарықтылығын бірітіндеп азайта отырып бақылау.
2.а) Құрғақ спиртті жағу. Спектроскоптың окуляры арқылы жалынның анық спектрін алу.
ә) Жалын үстіне кішкене тұз сеуіп, алынған спектрді бақылау. Спектрдің түсті сызықтарының орналасу ретін белгілеу.
б) Жалынды өшіріп, спектрдің көрінісін дәптерге салу, сипаттама беру.
3.а) Спектроскоптың окулярын көзге таяп, күндізгі жарықтың анық спектрін алу.
ә) Спектроскоптың саңылауының алдына кезек-кезек шыны ыдыстағы ерітінділерді және түрлі-түсті шыныларды орналастыру.
б) Алынған спектрлерді бақылап, нақты әр жағдай үшін: сызықтар санына және олардың орналасу ретіне назар аудару.
в) Спектрлерді дәптерге салып, сипаттама беру.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАҢДАР БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: Спектроскоптың құрылысын ата.