Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Курстық оқыту төрт бөлімнен түрады



бет62/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

Курстық оқыту төрт бөлімнен түрады:
1. Жұмыстың қауіпсіз жүргізілетін жолдарын көрсету, оған жасалатын бақылауды ескерту;
2. Тыңдаушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру;
3. Тыңдаушылардың білімін тексеру;
4. Нұсқаулар мен курста оқытуды тіркеп, есепке алу.
Оқуды жүргізуге мамандарды, кәсіподақтың инспекторларын, ауылшаруашылық басқармасының қызметкерін қатыстырган жөн. Оқу арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі.
1. Өндіріс үдерісінін, қауіпсіздігіне қойылатын негізгі талаптарды атаңыз.
2. Кәсіпорын басшыларына еңбек қорғауға байланыста қандай міндеттер жүктеледі?
3. Өндірістік арнайы киімдерге қандай киімдер жатады?
4. Жеке қорғану құралдарына нелер жатады?
5. Дерматологиялық қорғану құралдары деген не?
6. Қайғылы оқиғаны зерттеу барысында қандай құжат жасалады?
7. Кәсіби науқастануды зерттеу барысында қандай құжат толтырылады?
8. Еңбекшілерге еңбек қорғауға байланысты қандай нұсқаулар беріледі?
9. Кіріспе нұсқауы қашан жүргізіледі және онда не айтылады?
10. Курстық оқытудың қандай ерекшеліктері бар?


Өндірісте болған қайғылы оқиғаларды зерттеу, есепке алу және оның есебін берудің тәртібін 8-тараудағы үлгіге сөйкес дайындаңыз.


Мекемедегі еңбек қорғаудың жылдық шараларын белгілеуді үлгіге сәйкес дайындаңыз.
Дэрис 7-ТАРАУ ЗАҚЫМДАНУШЫҒА ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК


7.1. Жараланғанда және сынғанда көрсетілетін дәрігерге дейінгі алғашқы көмек

Адам жараланғанда дөрігерге дейінгі көмек көрсетуші қолын сабынмен жуып немесе саусақтарын йод тұнбасымен майлап кірісуі қажет. Дөрігердің нұсқауынсыз жараны тіпті жуған қолмен ұстауға, сумен немесе дәрімен жууға, ұнтақ себуге болмайды. Өйткені, жараны зәрлеуі мүмкін. Жараны тек қана дөрігер тазартады.


Жараны байлау үшін дәке алып, жараның бетіне таза шүберек салып жөне ол жерге йод тұнбасын құйып байлау керек. Қысқасы, жараға микробтардың түспеуін қадағалау қажет.
Жараның аузындағы катқан қанды сүртпеген дұрыс.Өйткені қан қатты ағып кетуі мүмкін. Қанның ағуын тоқтату үшін ол жерді жоғары көтеріп, жараны дәкемен жауып тұрып саусақпен 4-5 минут басып түру керек. Егер қанның ағуы тоқтаса, үстіне мақта және тағы бір дәкемен қабаттап салып, таңып тастау керек. Егер қанның ағуы тоқтамаса, онда дәрігер шақырту қажет. Дәрігер келгенше қан ағып түрған жерді қысу арқылы, ал егер сынған жерден қан ағып тұрса, тамырды жоғарырақтан қысып тұру керек.
Егер қысып тұрған жерден адам қолын босату қажет болса, онда жараның аузын жоғары қаратып, жұмсақ материал салып резеңке түтік, тартқыш сияқты созылмалы заттармен қысып тартып тастау қажет. Бірақ оны 1,5-2 сағаттан артық қалдыруға болмайды, себебінен жүрмеген жағының жаны кетіп қалуы мүмкін.
Көзге түскен затты сүртіп кетіруге болмайды. Оны таза жылы сумен яки борлы қышқылдың ерітіндісімен жуу керек.
Сүйек сынғанда және шыққанда негізгі міндет – оны өзіне ыңғайлы жағдайда қозғалмайтын етіп бекітуде.
Шыққан қолды дәрігерлер салуы тиіс.Бас жарақаттанғанда құлақ пен ауыздан қан ақса, бастың сүйегі сынды деп тұжырымдауға болады. Ол кезде басқа салқын суға батырып шүберек басу керек.
Егер жауырын сынған болса, онда астына абайлап тақтай қою керек, денесі майыспауын қадағалау қажет.Өйткені, ол миға әсер етуі мүмкін.
Жамбас сүйегі сынғанда арқасына жатқызып, аяғының тізесінен сәл бүгілетіндей етіп астына брезентпен орам жасап салу керек.
Қол шыққанда яки сынғанда ағаштан құрсау байлайды. Ауырған жерге салқын су басады.
Қабырғасы сынғанда - адам дем алғанда, жөтелгенде, қозғалғанда ауырады. Ондай кезде кеудені қаттырақ тартып байлап тастау керек.
Егер сынбай яки шықпай, жай жарақаттанғандығы белгілі болса, онда сол жерге мұз немесе салқын суға батырылған шүберекті басу керек. Сосын жараланған жерді таңып тастайды.
Егер адамның терісі жарақаттанбаған болса, йод жағудың, салқын суға батырылған шүберек басудың, уқалаудың қажеті жоқ. Өйткені, ол ауруын ұлғайтып ушықтыруы мүмкін.
Адамның басына бір зат түскенде немесе құлағанда миы қозғалуы мүмкін. Ол кезде адам есінен айырылады, тіпті демалуы үзіліп, көзінің қарашығы үлкейіп кетуі мүмкін. Ол адамның есін жиғаннан кейін де басы ауырып, құсқысы келеді. Ол кезде адамды шалқасынан жатқызып ілгектерін, белдіктерін ағыту керек. Құсатындай болса бір қапталына жатқызады. Емханаға да оны жатқызып апару қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет