Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Күйікте және түрлі газдармен уланғанда дәрігерге дейінгі



бет64/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

7.3. Күйікте және түрлі газдармен уланғанда дәрігерге дейінгі
алғашқы көмек
Күйікті ауырлығына қарай төрт санатқа бөледі:
I. Дененің қызаруы мен ісінуі;
II. Денеде кепіршіктердің суланып пайда болуы;
III. Дененің кейбір ұлпаларының өлуі;
IV. Дененің күлденуі (қатты күйгенде).
Соңғы II, III, IV дөрежедегі күйіктер өмірге қауіпті болады.
I дәрежедегі күйікке 15 минуттай салқын су құйып (ауру басылғанға дейін), марганецтің әлсіз ерітіндісін, спирт немесе иіс су жаққан дұрыс.
II, III, IV дәрежедегі күйікке қол тигізуге болмайды. Оны бинтпен байлау қажет.
Күйген адамды жылы киіндіріп, шай және минералды су беру қажет.
Түтінге, иісті газға уланған адамның басы ауырып, құлағы шыңылдайды, құсқысы келеді, тіпті есінен айырылуы мүмкін. Егер ауыр болса өліп кетуі де мүмкін.
Қандай жағдайда болсын, уланған адамды таза ауаға шығарып, ілгектерін босату қажет. Бірақ денесі қатты тоңазымау керек. Егер ауыр жағдайда болса жасанды дем алдыру немесе оттегі баллондарынан ауа жұтқызу қажет.
Жылан немесе басқа да улы жәндіктер шаққанда адамның басы айналып, құсады, аузы ашып, ұйқысы келе береді, тамырдың соғуы жиілейді.
Егер ол ауыр болса адам есінен айырылып, тынысы тоқтауы мүмкін. Шаққан жері қызарады, ауырады және іседі. Ондай кезде адамды жатқызып ыстық шай, 15-20 тамшы валериан тамшысын беру керек. Шаққан жерді күйдіруге немесе кесуге, қатты байлауға, сорып алуға болмайды. Сол жатқан күйінде емханаға жеткізу қажет.
Улы химикаттармен уланған адамды таза ауаға шығарып, ілгектерін ағытады. Денедегі уды шығарудың жолын қарастырады. Терідегі уды шүберекпен сүртіп, сумен жуады, ал көзді 2 пайыздық ас содасының ерітіндісімен жуады. Адамды төсекке жатқызып, тәтті шай немесе кофе беру керек. Мүсәтір спиртін иіскеткен дұрыс, қажет болса жасанды дем беріледі.
Егер у адамның ішкі құрылысына кеткен болса, оны жуу қажет. Ол үшін бірнеше стакан жылы су немесе марганец әлсіз ерітіндісін ішкізіп, аузына қол салып құстырады. Оны 2-3 рет қайталайды. Ағарған ішкізуге болады.
Никотин - күшті у. Ол жүйке жүйесіне әсер етіп, адамды күйгелек-ашушаң етеді, ұйқысын бұзады, көзімен құлағының жұмысын нашарлатады. Оны қою үшін күніге 4 грамм ас содасын қабылдаған дұрыс. Никотинмен уланған адамға қара кофе беріп, таза ауада терең демалдыру қажет (1/20 грамм никотин адамды өлтіреді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет