Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны



бет7/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

Дэрис 1-2 ТАРАУ
ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



    1. Еңбек жағдайын қалыптастыруға әсер ететін факторлар. Зиянды және

қауіпті факторлардың жіктелуі.

Адам еңбек ету кезінде түрлі еңбек құралдарымен, машиналармен, сондай-ақ басқа адамдармен қатынаста болады. Сондай-ақ, жұмыс кезінде адамға ауаның температурасы, ылғалдылығы, шу, діріл, жарық, т.б. түрлі өндірістік жағдайлар да әсер етеді. Осының барлығы белгілі бір өндірістік жағдайды қалыптастырады және адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеті, жұмысының өнімділігі осы жағдайларға байланысты болады. Егер осы жағдайлар нашар ұйымдастырылған болса, ол еңбеккердің жарақаттануы мен науқастануына басты себеп болады.


Сонымен, еңбек жағдайы дегеніміз - еңбек ету кезінде адамның денсаулығы мен еңбекке қабілетіне әсер ететін өндірістік факторлардың жиынтығы.
Ал өндірістік факторлардың өзі үш топқа бөлінеді:
1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар.
Оған жататындар:
- нормативтік-құқықтың факторлар, яғни еңбек туралы заңдар, ережелер, нормалар, стандарттар және олардың орындалуын бақылаудың тәжірибелері;
- әлеуметтік-психологиялық факторлар, яғни жұмысшының еңбекке ынтасы, ұжым мүшелерінің өзара қатынасы, ұжымда қалыптасқан жағдай, т.с.с.;
- қоғамдық-саяси факторлар, яғни еңбек жағдайын жақсарту жолындағы қоғамдық қозғалыстар, жаңашылдың, т.б.;
- экономикалың факторлар, яғни түрлі жеңілдіктер мен өтемақылар, моральдық жөне материалдық ынталандырулар, т.с.с.
2. Техникалың және үйымдастыруфакторлары, яғни еңбек жағдайының материалдың аттай элементтерін қалыптастыруға тікелей әсер ететін факторлар.
Оған жататындар: еңбек құралдары, өндірісті ұйымдастыру шаралары, еңбек пен демалыстың режимі, т.с.с.
3. Табиғи факторлар, яғни еңбек ететін жердің ауа райының, жер қыртысы мен суларының, өсімдіктерінің, тағы басқа ерекшеліктерінің жұмысшыға әсерін білдіретін факторлар.
Егер жоғарыда аталған факторлар еңбекшінің жарақат алуына немесе денсаулығының кенеттен шұғыл төмендеуіне әкеліп соқса, онда ол факторлар қауіпті өндірістік факторлар деп аталады.
Ал, егер ол факторлар еңбекшінің науқастануына немесе жүмысқа қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқса, онда ол факторлар зиянды өндірістік факторлар болып есептеледі.
Аса қауіпті (апаттың) жағдай деп өндірісте жазатайым оқиғаны тудыратын төтенше жағдайды айтады. Еңбекшінің жарақаттануына әкеліп соқтыратын жағдайлар жұмысшының өзінің немесе жанындағы адамның кимылының дұрыс болмауынан, машиналар мен басқа да техникалардың істен шығуынан немесе еңбекті ұйымдастыру тәртібінің бұзылуынан болады. Өндірістің жоғары мәдениеті орныннан жұмыс орындарында, өндірістік және технологиялық тәртіп жоғары ұйымдастырылған орындарда, техниканы пайдалану ережелері бұлжытпай орындалатын жерлерде жарақаттану сирек кездеседі, кездескен жағдайда жұмысшының өз кінәсінен болады.
Әдетте, сыртқы жағымсыз жағдайлар, яғни жоғары немесе өте төмен температура, ауаның ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы көбіне төтеннен және жедел өзгеріп тұрады. Сондықтан жұмыс орнында ауаның құрамындағы зиянды заттардың шекті мөлшері бірнеше принциптер ескеріліп мөлшерленеді. Ол принциптердің негізгісі еңбекшінің зиянды заттармен қатынаста болмайтын жағдайын жасау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет