1.3. Еңбек жағдайының жіктелуі
Еңбек жағдайын жақсарту жұмыстарының тиімділігі сол жұмыс орнында еңбек етудің ауыр немесе жеңілдігіне де байланысты болады. Мемлекеттік стандарт бойынша жұмысты ауырлығына қарай төмендегідей санаттарга бөледі:
I санат - жеңіл жұмыстар, яғни жүк көтеру мен дене күші жүмсалмайтын жүмыстар (172 ватқа дейін адам энергиясы жұмсалады);
II санат - ауырлығы орташа жұмыстар, яғни жүк кәтеруді талап етпейтін, бірақ дене қозғалысын қажет ететін жұмыстар (172-ден 232 ватқа дейін энергия жұмсалады);
ІІб санат - ауырлығы орта жұмыстар, яғни ауырлығы 10 килограмға дейінгі жүк көтеріп, жүріп жасалатын жұмыстар (232-ден 293 ватқа дейін энергия жүмсалады);
III санат - ауыр жұмыстар, яғни 10 килограмнан жоғары салмақтағы жүктерді көтеріп, үнемі дененің қимылы мен күшін қажет ететін жұмыстар (293 ваттан жоғары энергия жұмсалады).
1.4. Еңбек қауіпсіздігіне еңбек үжымының ықпалы
Бір мекемеде қызмет істейтін адамдар еңбек ұжымын құрайды. Олар еңбек үдерісі кезінде және жұмыстан бос кездерінде бір-бірімен, тіпті өзге адамдармен қарымқатынаста болады. Адамдардың осындай өзара қарым-катынастарының жайы да еңбек қауіпсіздігіне әсер етеді.
Өзара тілектестік пен мейірімділік орнаған, алауыздығы жоқ еңбек ұжымының еңбек қауіпсіздігіне оң әсері болады. Еңбекшілерді жасына, жынысына, дайындығы мен төжірибесіне қарай айырып бөлудің өзі еңбек мүшелері саналы орындауға ынталы болуы және еңбек қорғаудың талаптарын орындауға мүдделі болуы қажет.
Ұжым мүшелерінің мінез-құлқына басшылар мен мамандардың тәртібі де әсер етеді. Сондықтан олар үнемі тәртіпті, ұқыпты, сергек болып, еңбек қорғаудың талаптарын орындауда қатардағы жұмысшыларға үлгі көрсетуі тиіс.
Қысқасы, өндірісте жарақаттануды болдырмау үшін жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз жағдайын жасаумен қатар, еңбекшілердің тиісті мінез-құлқы мен жүріс-тұрысын қалыптастыру қажет.
Еңбек ұжымдарын және кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды басқаруда олардың рөлін арттыру туралы заңда еңбек қорғау мен еңбек жағдайын жақсарту саласында еңбек ұжымдарына төмендегідей өкілеттіктер берілген:
- еңбек жағдайын жақсартудың, еңбек қорғаудың және санитарлық-емдеу шараларының жоспарларын талқылау, мақұлдау және оның орындалуын қадағалау;
- техникалық қайта жабдықтау, өндірісті жарақаттандыру мен автоматтандыру, өндірістің мәдениетін арттыру, қолмен жасалатын ауыр жұмыстарды қысқарту бағыттарындағы өздерінің ұсыныстарын енгізіп, оның іске асырылуына белсене қатысу;
- әйелдердің еңбек етуі мен тұрмыстық жағдайын жақсарту, ана мен баланы сақтау шараларын жасау және оны іске асыру;
- мекемеде еңбек қорғау ережелері мен нұсқауларының орындалуын, еңбек қорғау жұмыстарына бөлінген қаржылардың дұрыс пайдаланылуын бақылау;
- әлеуметтік қамсыздандыру қаржыларын пайдалану мәселелерін талқылау және өздерінің ұсыныстарын енгізіп отыру;
- қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне өз ұсыныстарын енгізіп, оны жүзеге асыруға қатысу;
- еңбек қорғау ережелері мен қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарының бұзылуына кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөнінде мәселелер қойып отыру.
Достарыңызбен бөлісу: |