Зертханалық сабақтардың жоспарлары және орындаудың нұсқаулығы №1 жұмыс Тақырыбы



бет10/15
Дата07.02.2023
өлшемі38,39 Kb.
#65719
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ЗЖ нұсқаулығы Омыртқасыздар зоологиясы

Жұмыстың барысы: Жауын құртының сыртқы пішінімен танысып, оның денесінің көптеген сегменттерден тұратындығына, параподияларының болмайтындығына көңіл аударыңдар. Сонан соң простомиум, перистомиум және пигидиум деп аталатын бөлімдерін және белдеу зонасын табыңдар. Жауын құртының қозғалысын және топыраққа енуін бақылаңдар. (Ол үшін топырақ салынған ыдысқа жауын құртын орналастырса, ол біртіндеп топыраққа ене бастайды). Құрттың топыраққа енуі, оның денесіндегі қылтандарының көмегімен орындалады. Қылтандарының бар екендігін білу үшін, құртты қағаздың үстіне қойсаңдар, онда сытырлаған дауысты естуге болады. Құртты сою үшін, оны тұзды ерітіндіге салып, өлтіріп, балауызды ваннаға орналастырып, тері ет қапшығын өткір скальпелмен кесіп, түйреуіштермен бекітіп, ішкі органдарының құрлысымен танысыңдар. Жұтқыншақты өңешті, жемсауды етті қарынды, ортаңғы ішекті, ұрық қабылдағыштарды, ұрық қапшықтарын, ұрық бездерін, жұмыртқа безін, арқа бауыр қан тамырларын, сақиналы жүрегін, бауыр нерв тізбегін табыңдар. Жауын құртының көлденең кесіндісінің препаратын қарап, эпидермисті, кутикуланы, сақиналы салалы, ұзын салалы ет талшықтарын, целом қуысын, ішекті, тифлозолисті, метанефридияларды, қылтандарды тауып, олардың орналасуымен құрылысымен танысыңдар. Схемалық суретін сызыңдар. Медицина сүлігінің сыртқы пішінімен танысып, сегменттерін, алдыңғы және артқы сорғыштарын табыңдар. Микропрепаратты қарап, сүліктің ас қорыту системасымен танысыңдар.
Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Буылтық құрттар типіне кіретін кластардың латынша аттарын жазыңдар

  2. Гомономды метамерияның гетеромды метамериядан айырмашылығы неде?

  3. Екінші дене қуысы алғашқы дене қуысынан қалай ажыратылады?

  4. Параподиялар дегеніміз не?

  5. Гирудин дегеніміз не?

  6. Қан айналу системасы қандай функциялар атқарады?

  7. Буылтық құрттардың бауыр нерв тізбегінің құрылысы қандай?

  8. Сүлікті медицинада қалай пайдаланады?

10 жұмыс


Тақырыбы: Моллюскалардың сыртқы және ішкі құрылысы
Систематикалық орны
Тип Моллюскалар - Mollusca
Тип тармағы Бақалшақтылар -Conchifera
Класс Бауыраяқтылар - Gastropoda
Отряд Сабақша көзділер - Stylommatophora
Өкілі Жүзім ұлуы – Helix pomata


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет