Жұмыстың барысы: Шаянды алып алдымен арқа жағына қараңдар. Шаянның денесі баскөкірек және құрсақ болып айқын бөлінеді. Арқа жағынан қарағанда дене сегментациясы тек құрсақ бөлімінде жақсы байқалады. Шаянды аударып бауыр жағын қараңдар. Бауыр жағынан дене сегментациясы өте айқын көрінеді және ір сегментте бір жұптан аяқтары болады. Соңғы (19- сегменттегі аяқтары түрін өзгертіп жүзгіш өсінділерге айналғанда 20- шы сегментпен қосылып жүзу қанатының құрамына кіреді. Сонан соң аяқтарының құрылысымен танысыңдар. Ол үшін шаянның аяқтарын (ең соңғысынан бастап) денесінен жеке жеке бөліп алып, ретімен картон қағазға орналастыру керек (желімдеу немесе жіппен тігу керек).
Қайталауға арналған сұрақтар: Хитин дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады?
Буынаяқтылардың систематикасын айтып беріңдер
Шаянтәрізділер мен буылтық құрттарға тән қандай ортақ белгілерді білесіңдер
Өзен шаянының дене бөліктерін атаңдар
Өзен шаянының аяқтарын жеке жеке атап шығыңдар
Өзен шаянының желбезегінің құрылысын айтып беріңдер
№12 жұмыс
Тақырыбы: Өзен шаянының ішкі құрылысы
Систематикалық орны Тип Буынаяқтылар - Arthropoda
Тип тармағы Желбезектыныстылар -Branchiata
Класс Шаянтәрізділер - Grustacea
Класс тармағы Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер - Malacostraca
Отряд Онаяқты шаяндар -Decapoda
Өкілі Өзен шаяны – Astacus sp.
Мақсаты: Шаянтәрізділермен таныса отырып, буынаяқтылар типіндегі прогрессивті белгілерді және олардың буылтық құрттармен туыстығын көрсететін ерекшеліктерді анықтау.
Тапсырма: Өзен шаянын жарып, ішкі органдарының орналасуымен танысу, оның құрылысымен танысып, схемалық суретін сызыңдар.
Жабдықтар: Таблицалар: буынаяқтылар типінің систематикасы, өзен шаянының және төменгі сатыдағы шяндардың құрылысы. Микропрепараттар: өзен шаянының ішкі қуысы, өзен шаянының нерв системасы, өзен шаянының асқорыту системасы, өзен шаянының тыныс алу системасы. Фиксацияланған шаяндар.