Зертханалық сабақтардың жоспарлары және орындаудың нұсқаулығы №1 жұмыс Тақырыбы



бет3/15
Дата07.02.2023
өлшемі38,39 Kb.
#65719
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ЗЖ нұсқаулығы Омыртқасыздар зоологиясы

Қайталауға арналған сұрақтар.

  1. Эволюция тұрғысынан қарағанда талшықтылар класының қандай маңызы бар?

  2. Талшықтардың өсімдіктерге ұқсас белгілерін айтыңдар?

  3. Эвглена жарықта және қараңғыда қалай қоректенеді?

  4. Стигма дегеніміз не?

  5. Талшықтылардың қозғалу органеллаларын атаңдар?

  6. «Аксостиль» дегеніміз не ?

  7. «Миксотрофты» қарапайымдар деген терминді түсіндіріңдер?

  8. Талшықтардың колониялы формаларын атаңдар. Олардың жануарлар дүниесінің тарихи даму процесіндегі маңызы неде?

  9. Эвгленаның, вольвокстың, трипанозоманың латынша атауларын жазыңдар.

3 жұмыс


Тақырыбы: Грегаринаның құрылысы және тіршілік циклі
Систематикалық орны
Бірклеткалы жануарлар тармағы - Protozoa
Тип Апикомплекс (Споралылар)–Apicomplexa (Sporozoa)
Класс Грегариналар -Gregarinina
Отряд Нағыз грегариндер - Eugregarinina
Өкілі Gregarina sp.


Мақсаты: Грегаринаны мысалға ала отырып, паразиттік тіршілік ететін қарапайымдармен танысу.
Тапсырма: Ұн қоңызының личинкасын сойып, оның ішкі органдарынан уақытша препарат жасау. Препаратты микроскоппен қарап, одан грегариндерді табу. Грегаринаның құрылысымен және оның тіршілік циклінің әртүрлі фазаларымен танысу.
Жабдықтар: Қара тарақан, немесе ұн қоңызының личинкалары. Грегаринаның микропрепараттары. Таблицалар. Оқулықтар.
Жұмыстың барысы: Грегариналардың құрылысы мен танысу үшін екі обьекті пайдаланады: қара тарақан және ұн қоңызының личинкалары. Егерде, қара тарақан пайдаланылатын болса, онда оның арқа жағынан кесіп, ішегін бөліп алып, ортаңғы ішекті физиологиялық ерітінді құйылған ойыс заттық шыныға салк керек. Егерде ұн қоңызының личинкасы пайдаланылатын болса, онда оның бас және артқы бөлімін қайшымен алып тастап, пинцетпен ішегін шығарып, оныда физиологиялық ерітіндіге салып, езу керек. Ерітіндіден бір екі тамшы сұйықтық алып микроскоппен қарау керек. Препараттан грегариналарды тауып дене бөліктерін ажыратыңдар (протомерит, дейтомерит). Пеликулла, эктоплазма, эндоплазма қабаттарына назар аударыңдар. Дейтомериттің эндоплазмасындағы ядроны табыңдар. Препаратта бір бірімен жалғасқан особьтарды да кездестіруге болады. Бұлар сизигиялар. Грегаринаның, сизигия стадиясының және даму циклінің схемалық суреттерін сызыңдар. Суретте грегаринаның протомеритін, дейтомеритін, ядросын, пелликуласын көрсетіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет