Қайталауға арналған сұрақтар Грегаринаның құрлысына қандай ерекшеліктер тән
Спорогония және гаметогония дегеніміз не
Дамуының қайсы стадиясында редукциялық бөліну болады
Грегаринаның тіршілік циклінің ерекшелігі неде
Паразитизм дегеніміз не
Грегариналарды неге споралылар класына жатқызамыз
№ 4 жұмыс
Тақырыбы: Инфузория туфельканың құрлысы.
Систематикалық орны Бір клеткалы жануарлар тармағы - Protozoa
Тип Инфузориялар немесе Кірпікшелілер - Ciliophora
Класс Кірпікшелі инфузориялар - Ciliata
Отряд Хименостаттар - Hymenostomata
Өкілі: Инфузория -туфелька –Paramecium caudatum
Мақсаты:Инфузория туфельканы мысалға ала отырып, қарапайымдардың ішіндегі құрлысы күрделі инфузориялар типіне тән ерекшеліктерді анықтау.
Тапсырма:Тірі туфельканы микроскоппен қарап, оның асқорыту, қозғалу, зәр шығару органоидтарының құрлысымен танысу. Үлкен ұлғайтқышпен туфельканың ядролық аппаратынжәне трихоцисталарын көру. Инфузорияның құрлысының схемалық суретін сызу.
Жабдықтар: Таблицалар: туфельканың құрлысы. Тірі инфузориялар. Гематоксилинмен боялған туфельканың тұрақты препаратары. Сүзгі қағаз, пипеткалар, заттық және жабын шынылар, метиленді жасылдың ерітіндісі, бояғыш қызыл конго.
Жұмыстың барысы: Алдын ала қызыл конгомен боялған инфузорияның культурасынан уақытша препарат жасап, цитоплазмадағы органоидтардың құрылысын қарау. Ядролық аппараттың құрылысын тұрақты препараттар қарап танысу. Инфузорияның құрылысына, ас түйірлерін ұстануына, ас қорыту вакуольдерінің цитоплазмада қозғалуына, қалдық заттарды сыртқа шығаруына, жиырылғыш вакуольдердің қызметіне бақылау жасау. Ядролық аппарартпен трихоцистаны микроскоппен қарау үшін заттық шыныға 1-2 тамшы инфузорияның культурасын орналастырып оған құрамында 1 процент сірке қышқылы бар метиленді тамызып үстін жабын шынымен жабу керек. Сірке қышқылының әсерінен инфузория трихоцисталарын тастайды. Трихоцисталар ұзын жіңішке жіпшелер. Метиленнің әсерінен туфельканың ядролары жасыл түске боялады. Препараттан ядросы және рихоцистасы жақсы боялған инфзорияны тауып суретін сызыңдар. Суретте кірпікшелерін, ас қорыту вауольдерін, макро және микронуклеусті, ауыз қуысын, жұтқыншағын, жиырылғыш вакуольдерін, трихоцисталарын көрсетіңдер.