Жұмыстың мақсаты: Класс өкілдерінің морфологиялық ерекшеліктері және көбею мүшесі гүлдің құрылысына талдау жасап сипаттама жасау.
Жұмыстың міндеттері: Лалагүлділер Астықгүл немесе Қоңырбасгүлділер қатарының, тұқымдастары, тұқымдас тармақтарының өкілдерін сипаттап және морфологиялық мүшелерінің суретін салу.
Қажетті материалдар: Өкілі: Жуа -Allium, Лалагүл -Lilium, Қасқыр жем-Asparagus, Қызғалдақ Ландыш, Бидайық , Қоңырбас, Арпабас, Бетеге-, Суоты -, Түлкіқұйрық, Қау , Жүгері , Бидай өсімдіктерінің кеппе (гербарий) шөптері, микроскоп, 9 томдық Флора Казахстана және 2 томдық Иллюстрированный определитель растений Казахстана анықтауыштары, кестелер.
Тапсырма: Жоғарыда көрсетілген өсімдіктердің кеппе шөптерін пайдаланып оларға
сипаттама жасау
Өсімдіктердің морфологиялық мүшелерінің суретін салу
Аталған өсімдіктерді анықтауыш бойынша түрге дейін анықтау
Қорытынды жасау
Тексеру сұрақтары: Даражарнақтылар класының морфологиялық белгілері
Лалагүлділер қатарының өкілдеріне тән систематикалық ерекшеліктер
Астықгүлділер немесе Қоңырбастар қатарының өкілдеріне тән морфологиялық, систематикалық белгілер