Зертханалық жұмыс № 2
Химиялық реакцияНЫҢ жылдамдығы
Химиялық тепе-теңдік
Жұмыстың мақсаты: Химиялық реакцияның жылдамдығына концентрацияның, температураның және катализатордың әсерiн бақылау. Химиялық тепе-теңдiктiң ығысуына әрекеттесушi заттардың және реакция өнiмдерiнiң әсерiн анықтау.
2.1 Жалпы мәліметтер
Химиялық реакцияның жылдамдығы зат концентрациясының белгiлi бiр уақыт аралығында өзгеруiмен сипатталады. Жалпы түрде жылдамдықтың өрнегi былай жазылады:
υ =
Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелдiлiгiн ә р е к е т т е с у ш i м а с с а л а р з а ң ы (ӘМЗ) сипаттайды: Тұрақты температурада химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесушi заттардың молярлық концентрацияларының көбейтiндiсiне тура пропорционал.
Гомогенді реакцияның mА + nВ = pС жылдамдығы ӘМЗ бойынша тең болады:
υ = k∙ [A] m · [B] n,
осындағы: [А], [В] - әрекеттесушi заттардың молярлық концентрациялары; k – жылдамдық константасы; m, n – әрекеттесуші заттардың реакция теңдеуіндегі стехиометриялық коэффициенттері.
Жылдамдық константасы (k) әрекеттесушi заттардың табиғатына, температураға тәуелдi, ал концентрацияға тәуелдi емес.
Гетерогенді реакциялар фаза аралық бөлу бетінде жүреді, сондықтан гетерогенді реакцияның жылдамдығы тек қатты заттың бет ауданына тәуелді, ал барлық массасына тәуелді емес, сондықтан жылдамдықтың өрнегіне қатты заттың мөлшері енбейді. Мысалы, мына гетерогенді реакцияның mА (г) + nВ (қ.з.) = pС жылдамдығын анықтайтын өрнек былай жазылады:
υ = k∙ [A] m ·SВ немесе υ = k∙ [A] m ,
осындағы SВ - қатты заттың бет ауданы, реакцияның аяғына дейін тұрақты болып қала береді, сондықтан жылдамдықтың өрнегіне енгізбеуге болады.
Қайтымды реакцияның тепе-теңдiгiнiң ығысу бағытын Ле-Шателье принципi анықтайды: Тепе-тендiкте тұрған системаның бiр параметрi өзгерсе, системада осы өзгерістi азайтуға бағытталған процесстер жүредi.
Достарыңызбен бөлісу: |