Төртбұрыш ережесі
Ерітінділерді жылдам дайындау үшін химиялық зертханада төртбұрыш ережесі жиі қолданылады. Төртбұрыш ережесі ерітінді дайындау үшін концентрлі ерітінді мен судың қандай массалық бөліктерін алу керек екендігін тез анықтауға мүмкіндік береді. Концентрациялары әртүрлі екі ерітіндіні араластырып та үшінші ерітінді дайындауға болады. Төртбұрыш ережесі бойынша бұл ерітінділердің де қандай массалық бөліктерін араластыру керек екендігі тез анықталады. Төртбұрыш ережесінің схемасы:
а с - в = mа
с
в а – с = mв
осындағы:
а – концентрациясы жоғары ерітіндінің проценттік концентрациясы;
в – судың немесе концентрациясы төмен ерітіндінің проценттік концентрациясы;
с – дайындалатын ерітіндінің проценттік концентрациясы;
mа - ерітінді дайындау үшін алынатын концентрлі ерітіндінің (а) массасы;
mв - ерітінді дайындау үшін алынатын судың немесе концентрациясы төмен ерітіндінің (в) массасы.
Төртбұрыш ережесі бойынша жуық концентрациялы ерітінділер дайындалады.
Мысалы, 500 мл 20% Н2SО4 ерітіндісін дайындау үшін тығыздығы 1,84 г/см3 болатын 96% Н2SО4-тің қандай көлеміне неше мл су қосу керек екенін есептейік:
а) 96 20 – 0 = 20 г 96% Н2SО4
20 96 г 20% Н2SО4
0 96 – 20 = 76 г су
б) 20 г 96% Н2SО4–нің көлемін анықтаймыз, ол үшін ерітінді массасын тығыздығына бөлеміз: V 96 % Н2SО4 = 20 :1,84 ≈ 11 мл.
в) Судың тығыздығы 1 г/см3, сондықтан судың көлемі 76 мл-ге тең болады.
г) Сонымен төртбұрыш ережесі арқылы 96% Н2SО4–ның 11 миллилитріне 76 мл су қосса 87 мл 20% Н2SО4 дайындалатындығы есептелді.
д) Енді 500 мл ерітінді дайындау үшін су мен 96% Н2SО4 –нің қандай көлемдерін араластыру керек екенін есептейік. Ол үшін, 500-ді 87 –ге бөлеміз, сонда компоненттерді неше есе артық алу керек екендігі анықталады: 500 : 87 = 5,75 есе артық алу керек:
Достарыңызбен бөлісу: |