(54)Желатин дегеніміз не
Желатин-- малдың сүйегін , терісі мен шеміршегін қайнату арқылы алынатын ақуыз заттардың қоспасы . Желатин жылы суда жақсы ериді, ал салқандағанда қою дірілдек тәрізді қоспаға айналады.
(55) Қоректік орталардың консистенциясына байланысты жіктелуі
Консистенциясына байланысты қоректік орталар сұйық , жартылай сұйық ж/е тығыз болып келеді . Орта тығыздығы агар-агар қосу арқылы жасалады. Жартылай сұйықтық 1,5 -2 % агар қосылу арқылы жасалады.
56.Қолданылуына байланысты қоректік орталардың жіктелуі
Қоректік орталар қолданылулары бойынша жай, арнайы және дифференциалды-диагностикалық болып бөлінеді
57.Жай қоректік орталарға сипаттама беріңіз
Жай қоректік орталар микробтардың басым көпшілігін өсіруге жарамды. Бұларға ет-пентон сорпасы (ЕПС), ет-пентон агары (ЕПА), ет-пентон желатині (ЕПЖ) және т.б жатады. Кеңінен таралған қарапайым қоректік орталарға ет суы (ЕС), ет-пентон сорпасы (ЕПС), пентон суы (ПС) жатады. Бұл орталар етті және арнайы орталарды дайындаудың негізі болып табылады. Жай қоректік орталарды дайындау тәртібі:
Етті су-ЕПА, ЕПС, ЕПЖ дайындаудың негізі болып табылады. Оның дайындау тәсілі: етті сүйегінен, сіңірінен, байламдарынан, майынан ажыратып ет тартқыштан өткізіп тартылған ет дайындап, оның үстіне 2 есе мөлшерде су құйып, 1-1,5 сағат қайнатады, кейін 1 тәулік бойы суытады. Одан соң мақталы-дәке және қағаз сүзгіден-фильтрден сүзіп, қолбаларға құйып, 0,1 МПа қысымда 20-30 мин залалсыздандырады-стерильдейді.
Пентонды су. Дайындалуы: 1 л суға 10 г пентон және 5 г химиялық таза ас тұзын қосады. Ортаны қышқыл натриймен сілтілендіреді, қайнатып қағаз сүзгі арқылы сүзіп, колбаларға немесе сынағыштамаларға құйып, 0,1 МПа қысымда 15-20мин стерильдейді.
Жай қатты қоректік орталар:
Ет пентон агары (ЕПА) ет пентон сорпасынан дайындайды, оған 2-3% агар қосады. Ет пентон сорпасы сияқты стерильдейді.
Ет-пентон желатинасы (желімі-ЕПЖ). Дайындалуы: ет пентон сорпасына азықтық желатин 10-12%(қыс), я 18-20% (жаз) қосады. Желатин- сүйектердің, шеміршектердің қайнатпасынан алынады. Оның құрамында көптеген азот қосылыстары және қоректік қасиетке ие
Достарыңызбен бөлісу: |