Зертханалык іс пәнінін рөлі мен маңызы?



бет28/61
Дата31.12.2021
өлшемі64,05 Kb.
#23822
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61
Байланысты:
лаб дело сессия жауаптары

(54)Желатин дегеніміз не        

Желатин-- малдың сүйегін ,  терісі мен шеміршегін  қайнату  арқылы алынатын ақуыз заттардың қоспасы . Желатин жылы суда жақсы ериді,  ал салқандағанда  қою дірілдек  тәрізді қоспаға  айналады.



(55)  Қоректік орталардың консистенциясына байланысты жіктелуі

Консистенциясына байланысты  қоректік орталар  сұйық , жартылай сұйық  ж/е тығыз  болып келеді . Орта тығыздығы агар-агар  қосу арқылы жасалады. Жартылай сұйықтық  1,5 -2 %  агар қосылу арқылы жасалады.



56.Қолданылуына байланысты қоректік орталардың жіктелуі

Қоректік орталар қолданылулары бойынша жай, арнайы және дифференциалды-диагностикалық болып бөлінеді



57.Жай қоректік орталарға сипаттама беріңіз

Жай қоректік орталар микробтардың басым көпшілігін өсіруге жарамды. Бұларға ет-пентон сорпасы (ЕПС), ет-пентон агары (ЕПА), ет-пентон желатині (ЕПЖ) және т.б жатады. Кеңінен таралған қарапайым қоректік орталарға ет суы (ЕС), ет-пентон сорпасы (ЕПС), пентон суы (ПС) жатады. Бұл орталар етті және арнайы орталарды дайындаудың негізі болып табылады. Жай қоректік орталарды дайындау тәртібі:

Етті су-ЕПА, ЕПС, ЕПЖ дайындаудың негізі болып табылады. Оның дайындау тәсілі: етті сүйегінен, сіңірінен, байламдарынан, майынан ажыратып ет тартқыштан өткізіп тартылған ет дайындап, оның үстіне 2 есе мөлшерде су құйып, 1-1,5 сағат қайнатады, кейін 1 тәулік бойы суытады. Одан соң мақталы-дәке және қағаз сүзгіден-фильтрден сүзіп, қолбаларға құйып, 0,1 МПа қысымда 20-30 мин залалсыздандырады-стерильдейді.

Пентонды су. Дайындалуы: 1 л суға 10 г пентон және 5 г химиялық таза ас тұзын қосады. Ортаны қышқыл натриймен сілтілендіреді, қайнатып қағаз сүзгі арқылы сүзіп, колбаларға немесе сынағыштамаларға құйып, 0,1 МПа қысымда 15-20мин стерильдейді.

Жай қатты қоректік орталар:

Ет пентон агары (ЕПА) ет пентон сорпасынан дайындайды, оған 2-3% агар қосады. Ет пентон сорпасы сияқты стерильдейді.

Ет-пентон желатинасы (желімі-ЕПЖ). Дайындалуы: ет пентон сорпасына азықтық желатин 10-12%(қыс), я 18-20% (жаз) қосады. Желатин- сүйектердің, шеміршектердің қайнатпасынан алынады. Оның құрамында көптеген азот қосылыстары және қоректік қасиетке ие



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет