Зерттеу бағдарламасының құрылымы Зерттеудің негізгі кезеңдері Қысқаша


Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар



бет3/3
Дата15.12.2023
өлшемі194,4 Kb.
#139646
түріБағдарламасы
1   2   3
Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар

  • Проблеманы қою және дамыту мәселелері

    1.Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.


    Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
    - Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
    - Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
    - Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);
    - Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).
    - Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
    - Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
    Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».
    Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.
    Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.
    Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).

    2. Проблеманы қою және дамыту


    Тақырыппен жұмыс кезеңдері:

    - педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау.
    - Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау.
    - Нақты пәндік зерттеуді анықтау.
    - Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету.
    - Тақырыпты нақтылау және ықшамдау.
    - Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу.
    - Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу үрдісі барысында нақтылау.

    Косымша:
    Ғылыми проблемаларды қою және шешу.Танымның жаңа фактілері мен нәтижелерін ескі теориялар мен әдіс-


    тәсілдердің көмегімен түсіндіру мүмкіндігінің жоқ екенін көрсеткен проблемалық ахуалды талдағаннан кейін проблеманы дәл тұжырымдау және қою қажеттігі туады. Бұл үшін, біріншіден, проблеманың мақсатын дәл анықтау,екіншіден, оны шешу мүмкіндіктерінің жағдайларын қарастыру және, үшіншіден, проблеманы шешу мүмкіндіктеріне шек қоятын жағдайларды талдау қажет. Проблеманың мақсаты әрбір жағдайда нақты айқындалады, бірақ барлық жағдайларға ортақ міндет: эмпириялық ғылымдарда жаңа фактілер мен оларды
    түсіндірудің ескі әдіс-тәсілдері арасындағы үйлесімсіздікті және абстрактылық, теориялық ғылымдарда бастапқы принциптер мен негізгі үғымдардың жеткілікті негізсіздігін жою. Проблеманың жағдайлары оны шешу үшін қажетті және жеткілікті алғышарттар болып табылады. Шешу мүмкіндіктеріне шек қоюшы жағдайларға проблеманы шешуге қойылатын талаптар жатады.Проблеманың мақсаты проблемалық ахуалды талдаған кезде тұжырымдалады,ал жағдайлары мен шешілуіне қойылатын шектеулер проблеманы зерттеу кезінде анықталады.Проблемамен алдын ала жалпылама танысу проблеманы қоюдан басталады. Бұл мәселені қарастырғанда, бұл істе көп нәрсе сол ғылымның теориялық жағынан қаншалықты дамып жетілгендік деңгейіне, зерттеу жұмысының бұған дейін қаншалықты жүргізілгендігіне, эмпириялық және эксперименттік базасының хал-жағдайына және сонымен бірге тиісті ғылым саласының одан әрі даму болашағына байланысгы екенін ескеру қажет.Алайда проблеманы ұсынғанда және әсіресе оны шешкнде ғылыми зерттеумен айналысуды адамның болымдық сапалары мен ерекшеліктерінің атқарар ролі де аз емес екендігін ескерген жөн. Зерттеушінің мұндай ерекшеліктеріне жататындар: мамандығы, жеке басынның тәжірибесі,дарындылығы, т.б. сапалары ғана емес, сондай-ақ ғылымның даму бағытын, ғылыми ізденістің ең тиімді бағыттарын көре білуі де, ғылыми идеялар ұсынудағы батылдығы және сонымен бірге жиналған нәтижелерді мұқият талдап, сын көзбен баға бере білуі. Болашақта зерттеу проблемаларының програмасын ұсынудың мақсаты — ғылымның ең маңызды салаларында ғылыми ізденістерге қолдау көрсетіп, оларда ғылыми білімді өсірудің түйінді мәселелерін анықтауға көмектесу.Ғылыми білімнің өсуінің түйінді жерін анықтау үшін, әсіресе проблемаларды тұжырымдау үшін зерттеуді жүргізудің белгілі бір реті мен әдіс-әрекеттерін сақтау қажет.Бұдан кейін жаңа идеяларды, жорамалдар мен жұмыс гипотезаларын жасау кезеңі басталады — бұлар проблемаларды талдап, нақтылаудың нәтижесінде пайда болады. Ғылыми проблемаларды шешудің жалпы барысын қарастырғанда проблеманы қою және зерттеу процестерінде теориялық білім мен эмпириялық білімнің ара қатынасы қандай болуы керектігі мәселесін ерекше бөліп көрсеткек жөн. Бұл процесте рационалдық-теориялық білім жетекші рөл атқарады.Шынында да бір мақсатқа бағытталған белгілі бір идеяны немесе жорамалды жүйелі зерттеуге қажетті фактілерді іздеу үшін ең болмағандг қарапайым болжам болуы тиіс. Басқаша айтқанда, әйтеуір бір жаңалық ашу үшін оны растайтын фактілерді қайдан іздеу керектігін білу қажет.Дәстүрлі формальды логиканың өкілдері гипотеза және заң деп эмпириялық фактілердің индукциялық қорытындысын түсінеді. Ал ғылыми танымның гипотезалық-дедукциялық модельінің жақтаушылары гипотезаны алдын ала берілген ойдың формасы деп санап, ғылым методологиясының міңдеті осы гапотезалардан қорытындылар шығарып, бұл қорытындыларды бақылаулардың және эксперименттердің мәліметтерімен салыстыру деп санайды. Фактілерді теориялық тұрғыдан мүхият талдау олардың арасындағы белгілі бір байланысты ашуға мүмкіндік береді, ал ол байланысты белгілі бір заңдылық түрінде жұмыс гипотезасы формасында тұжырымдауға болады. Ол гипотезадан туатын қорытыңдылар гипотезаны бұрыннан белгілі фактілермен ғана емес, сондай-ақ жаңа фактілермен де тексеруге мүмкіндік береді, сөйтіп фактілердің ең дұрыс түсіндірмесіне қол жеткенше оған түзетулер енгізе беруге болады. Сөйтіп мұнда теориялық талдау мен эмпириялық дәлелдеу, сондай-ақ индукция мен дедукция да өзара байланысты және бірлікте қолданылады.
    Проблеманы қоюда теорияның маңызы мен рөлі бірінші орынға қойылатынына қарап, ғылыми зерттеудің әрбір нақты процесі әрдайым проблемадан және оны шешудің теориялық жорамалы мен гипотезасынан басталады екен деген тұжырым жасауға болмайды. Кейде проблеманы тұжырымдау және оны шешіп көру үшін жаңа бақылаулар мен қосымша фактілер іздеу қажет болады. Эмпиризмді жақтаушылар әдетте танымның эмпириялық деңгейінің рөлін, бақылаудың және төжірибенің маңызын асыра бағалайды. Сондықтан олар эмпириялық мәліметтер жинауға, оларды жүйеге келтіріп жалпылауға баса назар аударады. Фактілерді жүйеге келгіру ғылыми танымда, әсіресе ғылымның алғаш қалыптаса бастаған кезінде маңызды рөл атқарғанымен, бірақ жинақталған мәліметтер теориялық тұрғыдан түсіндіруді қажет етеді. Эмпириялық ғылымдар алғаш қалыптаса бастағанда, дәл осы кезде фактілер теориялық түсіндірмені керек етіп, тиісті проблемаларды ұсынады. Ал ғылым теориялық жағынан айтарлықтай өсіп жетілгенде проблемалық ахуалдар мен нақты проблемалардың тууының маңызды қайнар көзі жаңа эмпириялық маліметтер мен оларды түсіндірудің ескі теориялық әдістері арасында туған сәйкессіздік немесе қайшылық болады. Бұл
    қайшылықтың ұдайы шешіліп және қайта туып отыруы барған сайын жаңа проблемаларды тудырады, ал бұлардың үздіксіз шешілуі ғылыми прогрестің негізі болып табылады.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет