Зерттеу бөлімінің өзектілігі



бет5/6
Дата31.12.2021
өлшемі231 Kb.
#22042
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
койларды азыктандыру курсовой

Қозыны азықтандыру. Әдетте қозы енесін ажыратылмай төрт ай емеді. Осы мерзімдегі олардың қоректенуін үш кезеңге бөлуге болады. Жаңа туған қозыны енесінің уызына жарытып, алғашқы екі аптада, негізінен, ене сүтімен азықтандырады. 6 – 7 күндігінен бастап қозыны біртіндеп көк шөп пен пішен, жем қоспасы мен жайылым шөбін жеуге үйретеді. Ол үшін қозы тұмсығы жететін жерге майда жапырақты астық тұқымдастар пішенін іліп қойып, сақпанға қосып жайылым отына жаяды. 3 – 4-ші аптада қозылар оған қосымша өсімдік жемшөп жеуге үйренеді де, 5 - 8 – ші апталарда оларды көптеп жейді. 9-шы аптадан бастап қозыны болашақ өнімі мен пайдаланылуын сәйкестендіре азықтандырады. Дұрыс өсіп – жетілуі үшін оларды енесін емізу мен қатар жеңіл қортылатын, диеталық жемшөппен қосымша азықтандарылып отырады.

Сүтке жарымаған қозыларға арнайы ене сүтін алмастыратын құрама жемге қоса құрамы 26 % жүгері, 14% арпа, 12,7% бидай жармасы,10% майсыз құрғақ сүт, 10% күнбағыс күнжарасы, 1% ас тұзы, 1,2 % фторсыздалған фосфат, 8% азықтық ашытқы, 1,7% беде ұны, 0,1% биовит – 80 препаратынан тұратын қой сүтін алмастыратын арнайы жем қоспасын, әр 1 тонна 15 г күкірт қышқылды мыс, 1г хлолы кобальт, 1г йодты калий қосып дайындайды.

Қозыны қосымша азықтандыруды қабығынан тазартылып, ұнтақталған сұлы дәнінен бастайды да, біртіндеп оған бидай кебегі мен зығыр күнжарасы мен араластырып береді. Жеммен қоса қозыны ұсақ та майда түрлі шөп не бұршақ – астық тұқымдастар пішеніне үйретеді.1-ші айда пішенді жегенінше беріп, 2- ші айда әр басқа тәулігіне жегізілетін көлемін – 100 – 200, 3-ші айда 200-250 г, 4- ші айда 350 – 400 г жеткізеді. 2- ші айынан бастап қозыға 100 – 300г-нан бастап 600 – 800г сапалы сүрлем 50 – 100 г бастап 300 – 600г тазартылып туралған тамыржемістілер береді. Көктемде сақпан құрып сызы кепкен жердін жайылымына жаяды.

Жетілген қозыларды – 3 – 4 айлығында, ал саулықтарды сүтке сауатын отарларда 2,5 – 3 айлығында енесінен айырады да, жынысына қарай бөледі. Ұрғашы тоқтыларды қой басын өз төлінен көбейтуге қалдырып, еркек тоқтылардын тұқымға қалдырылған басстарынан басқасын жеделдете жетілдіріп, бордақылауға қойып не жайып семіртеді.

Қазіргі кезде қой шаруашылығымен айналысатын көптеген шаруа-шылықтарда қой етін жасы бойынша бракқа шығарылған саулықтарды және жасы толған ісектерді сою жолымен өндіріледі. Сондықтан өнімділігі барлық бағыттағы отарларда: жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді, етті-майлы бағыттағы отарларда ісектердің үлесі әлі де болса көп. Табынның мұндай құрылымы әсіресе етті-майлы қой шаруашылығында ет өндіруді баяулатып, оның өзіндік құнын қымбаттатып отыр. Бөлген соң бір жарым жасқа толғанға дейінгі қозылардың қосымша салмағы әдетте 12-15 кг –нан аспайды.

Қыс айларында қолда-қорада бағылатын қойларды пішендеме, сүрлем, түйіршіктелген азықтардың қосындыларынан тұратын рационмен, тіпті то-лық рационды түйіршіктелген азықтың жеке өзімен де азықтандыруға болады.

Төмендегі кестеде саулыққа арналған толық рационды түйіршіктелген азықтың үлгі ретінде алынған құрамы келтіріліп отыр.
Кесте 6

Толық рационды түйіршіктелген азық құрамы (%, салмағынан есептегенде)




Құрамы

Рецептер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет