Зерттеу жұмысын жүргізу әдістері (зерттеу әдістері,сұқпат жүргізу арқылы мәлімет жинау)
Орындаған: магистрант Бергенова А.Г.
7М01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
1курс, 1 топ
ЖОСПАР
1. Зерттеу жұмысын жүргізу әдістері;
2.Зерттеу әдісінің бірі-сұхбат жүргізу арқылы мәлімет жинау.
Академиялық жазылым - белгілі бір зерттеу жұмысын баяндап бағытталатын жазба жұмысы. Зерттеу жұмысы әдетте белгілі бір тақырыпқа байланысты теориялык еңбектерге шолу жасау тақырып жөнінде автордың кандайда бір пікірге келуі .
1. Зерттеу жұмысын жүргізу әдістері
Зерттеу – жаңа білім алу үдерісі және танымдық әрекет түрлерінің бірі.
Зерттеу жұмысы үдерісінде зерттеуші мынадай он қадамды жузеге асыруына тура келеді:
Тақырыпты тусіну;
Ой шақырту амалдарын қолдану;
3. Идеяларды шағын тақырыпшаларға біріктіру;
4. Кіріспені, негізгі ойлар мен сұрақтарды жазу;
5. Негізгі бөлімнің параграфтарын жазу, негізгі сейлемдерді жазу:
6. Негізгі белімнің параграфтарындағы түсініктемелер мен әнгімелер, мысалдарды жазу,
7. Қорытынды, зерттеу нәтижесі бойынша нақтыланган мәліметтерге сүйене отырып корытынды жасау;
8. Бөлімдерін тексеру:
9. Идеясы мен сұрағынан ауытқымауын тексеру;
10. Мәтінді тексеру, оның нақты және дәлелді болуына көз жеткізу.
Әдетте, мақала немесе шағын зерттеу жұмысында оның әдісін бөлімдерден бөліп көрсетеді. Себебі зерттеу әдісі мәтіннің бөлімдеріне карағанда атқаратын қызметімен ерекшеленеді.
Ғылыми жұмыстарды есептемегеннің өзінде, күнделікті өмірімізде теледидардан, радиодан және газеттерден зерттеу жұмыстарының нәтижелерін байқауға болады.
Зерттеу жұмыстарының нәтижелері белгілі бір мәселені өзгертуге, жетілдіруге немесе қаражатты үнемдеуге, уақытты тиімді пайданауға және тағы басқа көптеген мәселелердің шешімін табуға көмектесетіні анық.
Белгілі бір тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинап, оларға талдау жасау және олардың нәтижесімен таныстыру қашанда қызығушылық тудырады және адамдардың дұрыс шешім қабылдауына тікелей әсер етеді.
Сондықтан кез келген тақырыпта зерттеу жүргізу (мәселен, сауалнама мен сұхбат арқылы адамдардың пікірін білу, жол кептелісі немесе ауаның ластануы сияқты құбылыстардың себебін анықтау мақсатында) маңызды болып саналады.
Зерттеу жобасын жазу үшін зерттеу әдістерінің ішінен біреуін ғана таңдап алуға болады. Әдіс түрінің таңдалуы зерттеу жобасының мақсатына тікелей байланысты.
Мәселен, әлеуметтік ғылымдар бойынша зерттеу жобаларын жүзеге асыру барысында сұхбат, сауалнама және бақылау, эксперимент, жазылған немесе айтылған жұмыстарды талдау, кейс стади, тәжірибелік зерттеу, бар мәліметтерге талдау жасау әдістері кеңінен қолданылады
Кейс стади. Бұл әдіс бір немесе бірнеше жайтты (оқиға, қарым-қатынас, тәжірибе) зерттеу нысаны ретінде алып, оны жан-жақты зерттеуге бағытталады. Әдістің жүргізілу барысында бақылау, сауалнама және сұхбат алу сияқты амалдар қолданылуы мүмкін.
Сұхбат әдісі – қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі.
Сұхбат – сұхбат алушының респондентпен қатынасын көздейтін, белгілі жоспар бойынша өткізілетін сұрау, әңгіме әдісінің өзге түрі.
Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзелген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды.
2.Зерттеу әдісінің бірі-сұхбат жүргізу арқылы мәлімет жинау Сұхбат алу – қандай да болсын ақпаратты алу мақсатында респондентпен жүргізетін әңгіме, сұрақ:
деректі (құжатты) – фактілер мен оқиғалар нақтыланатын әдіс;
жабық – ұсынылған тұжырымдардан бір немесе бірнеше стандартталған жауаптарды таңдау қарастыралады, «ия», «жоқ», «білмеймін», «келісемін», «келіспеймін», «айту қиын» деген сияқты стандарт сұрақтарға ұқсас жауаптардың мысалдары;
пікір – адамдардың қандай да болмасын құбылыстар мен оқиғаларға қатынасын білуге бағытталған әдіс;
ашық – жауаптардың сипаты мен саны, олардың түрі және формасы алдын-ала ескерілмейді, сыналушылар оны еркін таңдайды. Осындай сұрақтардың жауаптары, жабық түрге қарағандағы айырмашылығы, әдетте сандық емес, сапалы талдауға салынады;
еркін – тақырыбы мен түрі регламентпен белгіленбеген әңгімелесулер.
Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтену саласынан енген сұхбат алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын-ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Сұхбат жауаптары анық жазылып, хатталады.
С. Е. Қаңтарбай, Ж. А. Жүсіпова. «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі»,Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011 ж. – 219 бет.
Б.Б.Динаева, С.М.Сапина. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері: Оқу құралы. Нұр-Сұлтан, 2020.
С.Берібаева.Қазақ тілінде дипломатиялык және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу: оқу құралы, Әл-Фарабиатындағы Қазақ Ұлттық университеті. - Алматы: Қазақуниверситеті, 2011. - 321 6.