Зерттеу жұмысының өзектілігі


Синтаксисті теориялық деңгейде оқыту әдістері



бет9/27
Дата07.01.2022
өлшемі180,63 Kb.
#19779
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Синтаксисті теориялық деңгейде оқыту әдістері:





Перцептивтік қырынан анықтау: тілдік әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, баяндау, сұхбаттасу, кітаппен жұмыс;

көрнекілік әдістер: иллюстрация, демонстарция, бақылау жасау; практикалық әдістер: жаттығу, тапсырмалар, лингвистикалық есептер, тілдік эксперимент



Логикалық қырынан анықтау:

анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, нақтылау, дәлелдеу, анықтама беру, аналогия, дедукция, индукция, модельдеу



Танымдық қырынан анықтау: ақпараттық мәлімет беру, эвристикалық әдістер, ізденім-зерттеу әдістері, көрнекілік-ақпараттық әдістер, практикалық-ақпараттық әдістер

Психологиялық қырынан анықтау:

рефлексиялық әдіс, зейін, ес пен жадыны дамыту, қиялы мен қабылдауын дамыту, ойлауы мен сөйлеуін дамыту, тыңдауын дамыту.


Сурет 1 – Бастауыш сынып оқушыларын синтаксистік ұғым жасауға дағдыландыруға арналған теориялық әдістер жіктемесі

Перцептивтік қырынан анықтау әдістері дәстүрлі әдістер болып саналғанымен, оларды тұлғаны қалыптастыру және дамыту қағидасына бейімдеп қолдану бұл әдістердің бірде перцептивтік, бірде танымдық қырынан анықталғанын байқатты. Мұны төменде әңгіме әдісін талдау барысында байқаймыз.

«Педагогика» оқу құралында «Әңгіме дегеніміз – бұл оқытудың сұрақ-жауап методы» [48] деген анықтама берілген. Ғалым С.Қазыбаев әңгіме әдісінің бастауыш сыныптарда қолданылатын әдістердің негізгі түрі екендігін баса айта келіп, бұл әдіспен сабақ жүргізгенде мұғалімнің сұрағы мен оқушылар жауабы түрінде диалог пайда болатындығына тоқталады: «Осы кезде оқу материалының мазмұны ашылады, оқушының түсіну дәрежесі айқындалады. Оның үстіне оқушыларды сабақта еркін сөйлеу процесіне қатыстыру арқылы тіл байлығын жетілдіру мақсаты жүзеге асырылады» [19].

Әңгіме оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады және әңгіме негізі төрт түрге бөлініп ажыратылады: 1) жаңа білімді қабылдауға дайындық жұмысында қолданылатын әңгіме; 2) білімді бекіту мақсатымен (арнаулы ауызша жаттығулар формасында) қолданылатын әңгіме; 3) білімді тексеру және бағалау үшін қолданылатын әңгіме; 4) өткен материалдарды қайталау кезіндегі әңгіме. Әңгіменің соңғы екі түрі өздерінің сипаты бойынша әңгіменің екінші типіне – жаңа материалды бекіту мақсатындағы әңгімеге жататындықтан, арнайы әңгіме ретінде бөлініп алынбайды.

Жаңа білімді хабарлау әңгімесі оқушыны индуктивтік жолмен (яғни белгілі немесе бақылаудағы жалқы құбылыстардан, бірлі-жарымды мысалдардан жалпы қорытындылар шығару) немесе дедуктивтік жолмен (оқушыларға хабарланатын жалпы жағдайдан жалқы оқиғаларға) алып жүруі мүмкін.

Индуктивтік жол, әдетте мұғалім күнделікті өмірдегі немесе сабақ үстінде ұйымдастырылатын бақылауларға сүйене отырып, тапқырлықпен қойған сұрақтардың көмегімен оқушыларды өздігінен қорытынды шығаруға немесе жинақтауға әкелетін сабақтарда қолданылады. Дедуктивтік жол оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп және оның тапсырмаларын орындай отырып, мұғалім айтқан түйінді ойды (пікірді) басқа жағдайларда қолданғанда, жаңа пікірді, құбылыстарды дәл осы жағдай үшін қолдану мүмкіндігі туралы пікірлескенде қолданылады. Мысалы, әңгіме мұғалім осы қорытынды пікірді бейнелеу үшін келтіретін мысалдарды талдағанда өткізілуі мүмкін.

Білімді хабарлаудың индуктивтік және дедуктивтік жолдары сабақта, әрине, әңгіме әдісі қолданылғанда ғана пайдаланылмайды. Ол әңігменің негізі бола алады. Мәселен, мұғалім алдымен бірнеше мысал келтіріп, содан кейін қорытындысын шығаруы немесе жинақтауы (индукция) немесе әуелі

белгілі жәйттерді, тезисті алға тартуы, тек содан кейін бірнеше мысалдармен оның бірнеше жағдайда қолданылуын бейнелеуі мүмкін (дедукция). Алайда, бұл жолдар, әңгімеде бәрінен де айқын және елеулі түрде байқалады.

Педагогикада жаңа білімді баяндау жөніндегі әңгіменің белгілі типін сипаттайтын тағы бір термин – эвристикалық әңгіме кең таралған. Ол мұғалім оқушылардың алдына белгілі бір міндет қойып және шеберлікпен қойылатын сұрақтар оның шешіміне апаратын жағдайда қолданылады.

Кейбір педагогтардың жаңа білімді баяндау жөніндегі әңгіменің қандайы болса да (дедуктивтігі де, индуктивтігі де) өзінің формасы бойынша сұрақ қою және жауап беру түрінде өтетіндігінен және сайып келгенде, оқушылардың жаңа білім алатындығынан эвристикалық әңгіме болып табылады деген пікірлерін кездестіруге болады. Енді біреулері әңгіменің бұл түріне тек қана индуктивтік әңгімені жатқызуды жақтайды. Дегенмен де, бұл жерде әңгіме әдісінің пәннен өткізілетін нақты сабақтың типіне тәуелді қолдану аясы жаңа материалды қабылдауға дайындаудан, өтілген материалды бекітуден аспай тұрғандығы байқалады.

Әңгіме әдісінің басқа әдістермен бірге даму кезеңі ХХ ғасырдың соңғы жылдарында дамыта оқыту қағидасының теориялық жоба деңгейіне, тәжірибелік қолданысқа айналуымен байланысты болып отыр.

Шынында, бүгінгі күні педагогика ғылымында бастауыш буында дамыта оқытудың әр алуан жүйесі (Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың, И.С.Якиманскаяның және т.б.) белгілі[49].

Ал жүйенің кез келгені оқытудың мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін, әдістерін, ұйымдастыру формаларын жеке тұлғаны қалыптастыруға, өзіндік іс-әрекетке бейімдеуге, дамытуға (интеллектуалдық, ерік және сезіммен байланысты қасиеттерін) бағдарлауды көздейді. Осыған орай, әсіресе, қандай да болсын пәнді оқытудың әдістерін жетілдіре түсуге ерекше мән беріледі.

Дәстүрлі әңгіме әдісін ішінара іздену тұрғысындағы әңгіме әдісімен ұштастыру проблемалық оқыту әрекетін ұйымдастыру кезінде іске асырылады. Алайда проблемалық оқу әрекетін сабақ сайын толық және үнемі іске асырып отыру мүмкін емес. Бұл үшін сабақтың құрылымын және оның элементтерінің мазмұнын ойластырып, жан-жақты қарастыру керек. Қазақ тілі сабақтарында проблемалық оқу әрекетін ұйымдастыру проблемалық әңгіме арқылы іске асуы мүмкін. Мұндай әңгіме кезінде мұғалім оқушыларға тақырып төңірегіндегі кез-келген бір жағдайды әңгімелеу арқылы жұмбақ-міндет туғызады. Оқушылар оның шешуін табады, одан әрі осы жұмбақ қалай шешілгендігі жаттығу тапсырмалары арқылы анықталады. Мысалы, «Тіл және сөйлеу» тарауындағы «Сөйлеу не үшін қажет?» (1-сынып) тақырыбын өтудің дайындық кезеңінде оқушыларды ойланту, оларды елес туғызу мақсатымен осы тақырыпты сұрақ түрінде сынып алдына қояды. Олар әр түрлі жауап беруі мүмкін. Одан әрі осы жұмбақтың шешуі мұғалім әңгімесі арқылы іске асырылады:

«Баяғыда Үсен деген бала бопты. Ол көп сөйлейтін, үлкеннің айтқанын тыңдамайтын, кішіні ұрып соғатын бала екен. Бірде ол көршінің Қанат деген баласының ойыншығын тартып алып, бермей қояды. Қанат жылап, үйіне кетеді. Әжесін ертіп келеді. Ерегіскен Үсен ойыншықты шалшық суға лақтырып жібереді. Қанаттың әжесі ренжіген кейіп танытып, ішінен бір нәрсені күбіі-күбір етіп айтып, Қанатты ертіп үйіне кетеді.

Міне, қызық! Бағаналы бері батырсынып тұрған Үсеніміз лезде жоқ болды. Мұны өзі де, қасындағы достары да байқамайды. Қасындағы достарының біреуі де Үсеннің сөйлеген сөзіне жауап қайтармайды. Ренжіген Үсен үйіне келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет