Зерттеу жұмысының өзектілігі


Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет2/27
Дата07.01.2022
өлшемі180,63 Kb.
#19779
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» [1]деп ашып көрсетіп, болашақ қоғам мүшелері – жастардың біліміне, сауаттылығына аса көңіл бөліп отыр.

Қоғамның алға басуы жас ұрпақты білім, тәрбие арқылы дамытуға, жаңаша ойлауға, іскерлікке үйретуге байланысты. Қоғамды дамытатын жас азаматтың жеке тұлғасы жан-жақты жетілген, іскер, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін, ана тілін игерген, жаңа жағдайды, білімді өздігінен түсініп, бағалай, талдай алатын болуы керек. Онымен бірге өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынталы, әрқилы кезеңдерде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты қалыптастырудың бір жағы білім мазмұны арқылы іске асса, екінші жағы тәлім-тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңында» [2] қоғамның, адамның мәдени және рухани дамуының басты құралы халыққа білім беруді және ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сай өркендете отырып, жастардың бойында рухани-эстетикалық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл аударған .

ХХІ ғасырда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Білім – қазақ халқының болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу – қоғамдық мәні үлкен мәселе. Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді.

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты – жан-жақты дамыған, алдыңғы қатарлы елдермен теңесу. Ал оған жетудің басты жолдарының бірі – әлемдік білім кеңістігінен орын алу. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.

«Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында» басшылыққа алған білім беру жүйесі, оның ішінде үздіксіз білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы – бастауыш білім үлкен орын алады.

Бұл сатыда білім берудің басты ерекшеліктері «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында»: «Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындарымен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді», – деп көрсетілген [3]. Бұл әрбір оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына тың міндеттер жүктеп, оларға әрбір пәннің мақсатын қайта қарауға бағыт береді.

Мемлекеттік білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру[2]. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын-ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Оқушыны білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу – жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.Осы мақсат дәстүрлі оқыту жүйесіндегі пассив объекті мен жаңа педагогикалық жүйелердегі белсенді субъектінің арасындағы басты айырмашылықты көрсетеді.

Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияны ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпыадамзаттық құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырумен, субъект – субъекті қарым – қатынастың басымдық танытумен байланысты туындауда. Осыған орай соңғы онжылдықта алуан түрлі педагогикалық жүйелер ұсынылып, нәтижесінде түрлі инновациялық типтегі мектептер пайда болуда. [4].

Сапалы нәтижеге қол жеткізудің уақыт пен тиімділігін көрсетіп жүрген бірнеше педагогикалық технологияның ішінде дамыта оқыту жүйесінің өзіндік орны анықталған. Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту теориясының ерекше атауға себеп болатын көптеген қыры бар. Оларды әдіснамалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік тұрғыдан тану арқылы ғана дамыта оқыту әдістемесін бастауышта «Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісіне енгізіп, одан көздеген нәтижелер алуға болады.

Қазіргі таңда дамыта оқыту жүйесі ТМД елдерінің бірқатарында негізгі оқыту технологиясы ретінде бекітілгені белгілі. Ал қазақстандық бастауыш білім беру жүйесінде бұл мәселе енді ғана күн тәртібіне қойылып, қолға алынып келеді. Осындай келелі мәселенің дамуын оң жүйелілікпен басқарудың жолы бастауышта қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесін арнайы зерттеу арқылы ғана айқындалады[5].

Дамыта оқыту - сабақтағы ерекше ахуал, мүғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын цамытады

Бастауыш сыныпта синтаксисті дамыта оқыту әдістерін жүйелі қолдану арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік туады. Бастауыш сынып қазақ тілі синтаксисінің мәліметтерін заман талабына сай, оқушылардың теориялық ойлауы мен шебер сөйлеу тілі дамуына тірек болатын жаңа білім мазмұнын уақыт өтуімен бірге жаңалап отыру қажеттілігі және соған сай арнайы жаттығулар жүйесі мен оқыту әдістерін анықтағанда ғана көзделген мақсатқа қол жеткізілуге болады.

Бастауыш сыныпта синтаксис материалдарын оқыту барысында тәрбие мақсаттарын қою және сол мақсаттарға жету оқушылардың ұжымдық шығармашылық істерін ұйымдастыру технологиясы арқылы тиімді жүргізуге болады. Бастауыш мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқыту жүйесінің тәрбиелік негіздерін қарастыруда бастауыш сынып оқушысының интеллектуалдық дамуын, іскерлігін, адамгершілік-этикалық тәрбиесін (балалар бірлестігіндегі топтық проблемалық жұмыс), рухани тәрбиесін (өз халқының мәдениетінің иесі, басқа мәдениеттер құндылығын түсіну) қамтамасыз ететін дамыта оқыту қағидасын басшылыққа алынады. Өйткені оқыту үдерісінде шәкірттерді тәрбиелеу ісі қатар жүргізіледі. Оқыту барысында тәрбиелеуді қоса атқару мақсатында мәдениеттанымдық ұстанымды басшылыққа алған жөн. Бүгінгі күнгі білім мен тәрбиедегі көкейкесті мәселелерді тиімді шешу, әсіресе, шығармашылықтың биік деңгейлеріне адамның өзін-өзі алып шығуы педагогикадағы мәд ениеттанымдық ұстанымның негізгі ойларымен тығыз байланысты

Бастауыш мектеп оқулықтарына тіл ғылымының жетістіктері енгізілгенімен, оны оқушының қалай меңгеруі тиіс деген мәселе жан-жақты қарастырылмады. Теориялық білім берудің танымның жоғары теориялық деңгейінде жүзеге асырылуы тиіс екендігі туралы бастауыш мектептегі қазақ тілінің синтаксис саласын оқыту әдістемесі бойынша жазылған еңбектерде нақты айтылмады. Тәжірибелік дағды теориялық біліммен меңгергенде ғана қалыптасатындығы біржақтылы ғана сипатталды. Осы жағдаяттардың барлығы бастауыш сыныптың қазақ тілі синтаксис материалдарын дамыта оқытуды зерттеудің қажеттігін айқындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет