3. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
Сәйкестендіру тесті. Екі бағанда орналасқан жай сөйлемнің түрлері мен соларға сәйкес келетін сөйлемдерді бір-бірімен сәйкестендір. 1. Жалаң Біз табиғатты қорғаймыз.
Жарас қуанды.
2. Жайылма Түлкі жортты.
Жауын ағыл-тегіл құйды.
Шығармашылық диктант. Көп нүктенің орнына кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып қой.
… …
… демалады. … дыбыстайды.
… …
Бұл сөйлемдер жай сөйлемнің қай түріне жатады ?
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
Сабақтың басында үлестірілген «өзін-өзі бағалау» парағы бойынша оқушылар (өз білімдерін әрбір берілген тапсырмаға ұпай қою арқылы) өзін-өзі бағалайды.
Үйге тапсырма. 4-жаттығу. Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз.
Мен кітапханаға барамын. Айман мені кітапханада күтеді. Балалар бөлімінде қызықты кітап өте көп. Мен ертегі оқығанды ұнатамын.
Достарыңызбен бөлісу: |