Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет27/27
Дата07.01.2022
өлшемі180,63 Kb.
#19779
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып қой.
… …

… демалады. … дыбыстайды.

… …

Бұл сөйлемдер жай сөйлемнің қай түріне жатады ?



Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.

Синтаксисті дамыта оқыту арқылы оқушылардың теориялық ұғымдарының қалыптасуы мен сол негізде тілінің даму деңгейінің сандық, сапалық нәтижесі тапсырмаларды орындауда нақтыланды. Эксперименттік жұмысымыздың қалыптастыру кезеңінің көрсеткіштері кестеде көрсетілген.



Кесте 3. Қалыптастыру кезеңінің көрсеткіштері

Топтар

Жоғары %

Орта %

Төмен %

Тәжірибелік

49,70

38

12,30

Бақылау

11,5

30,1

58,4

Сурет 3. Қалыптастыру кезеңінің көрсеткіштері


Қорыта келгенде, эксперимент нәтижелері зерттеу болжамын растады. Бастауыш сыныпта қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытудың оқушылардың тілдік қабілеті жетілген жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететіні анықталды. Грамматикалық-тілдік, танымдық, рефлексиялық, тіл дамыту жаттығуларының кешенді жүзеге асырылуы оқушылардың тек теориялық ойлауы мен тілін ғана дамытып қоймай, олардың интеллектуалдық дамуын, адамгершілік-этикалық және рухани тәрбиесін, іскерлігін қамтамасыз ететінін эксперимент нәтижелері толық көрсетті.Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сынып оқушыларының сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, шығарманы жүйелі түрде мазмұндауын, ұйқастырып сөйлеу дағдысын, ойын, қиялын, дербес жұмыс істеу дағдысын жоғары деңгейде қалыптастыра алдық. Осындай әдістемелік жүйені оқу үрдісінде қолдану негізінде бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінің синтаксис саласы бойынша білім деңгейлері жақсы деңгейге жетуіне мүмкіндік туындайды.

ҚОРЫТЫНДЫ


Тіл – мемлекет тірегі. Қазақ тілі – қазақ халқының барлық тарихы мен мәдениетін бойына жинаған теңдесі жоқ жүйелі тіл. Осындай асыл мұраны оқып-игеріп, өзінің өмірінде тірек етіп, оны келер болашаққа алып бару міндеті –жас ұрпаққа жүктеліп отырғаны белгілі. Қазақ тілін қазақ баласына ана тілі ретінде, жаңа заман талабымен ұштастырып, дүниежүзілік тілдерді оқыту әдістемелерімен байланыстырып оқытатын жаңа педагогикалық технологияларды жасау, оқу үдерісіне енгізу және қолдану арқылы біз мемлекеттік тіліміздің мәртебесін өсіретініміз сөзсіз. Осы орайда дамыта оқыту технологиясының алатын орны ерекше.

Зерттеу жұмысымызда қазақ тілі синтаксисін дамыта оқыту туралы шетелдік, отандық ғалымдардың ой-пікірлері жинақталып сараланды. Бастауыш сыныптарда синтаксис саласының оқытылу барысындағы әдістемелік зерттеулерге, ғылыми еңбектерге шолу жасалынды.

Бастауыш мектепте қазақ тілі синтаксисін меңгеруде оқушы үшін ең маңыздысы – орфографиялық және орфоэфиялық сауаттылық. Бұл жердегі сауаттылық сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазу дегенмен шектелмейді. Бұл құзырет ретінде оқушының бұдан кейінгі сатыларда игеретін білімдерінің іргетасы болуымен құнды. Түпкі нәтиже болып табылатын синтаксистің ең бір шешуші компоненті – сөздерді дұрыс қолданудың алғашқы басқышы орфографиялық және орфоэпиялық дағдылардың бастауыш сатыдағы білім өзегіне алынуының мәні де осында десек болады.

Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқыту арқылы синтаксистік ұғым қалыптастыру мәселесін психологиялық тұрғыдан талдау аясында бала дамуының интеллектуалдық, тұлғалық, әрекеттік сияқты негізгі бағыттарын бөліп қарастыруды жөн деп есептейміз.

Бастауыш сынып оқушыларына синтаксистік ұғымдарды дамыта оқытудың негізгі мәні – оқушыларға берілетін грамматикалық теориялық білім басты орында болуында. Бастауыш сынып оқушыларының топтастырылған грамматикалық ұғымдар жасай алуы – дамыта оқытудың негізгі мақсаты болып алынды да, оған жету үшін мақсатқа сәйкес арнайы іріктеліп грамматикалық білім мазмұны жүйеленді.

Оқушының оқу-танымдық белсенділігі негізінен жаттығу арқылы ұйымдасады. Сондықтан бастауыш сыныпта оқушылардың синтаксисті меңгертуге арналған жаттығуларды оқу-танымдық белсенділік сипаты мен мазмұнына қарай грамматикалық-тілдік, тіл дамыту, танымдық, рефлексиялық жаттығулар түрінде берілді.

Қорыта айтқанда, зерттеу жұмысының алға қойған болжамы, мақсаты мен міндеттері ғылыми-әдіснамалық негіздерінде теориялық тұжырымдалып, әдістемелік жүйе түрінде сипатталып, жүргізілген педагогикалық эксперименттің нәтижелілігі арқылы шешімін тапты деп ойлаймыз.

Бастауыш сыныпта қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытудың оқушылардың тілдік қабілеті жетілген жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететіні анықталды. Грамматикалық-тілдік, танымдық, рефлексиялық, тіл дамыту жаттығуларының, грамматикалық ойын түрлерінің кешенді жүзеге асырылуы оқушылардың тек теориялық ойлауы мен тілін ғана дамытып қоймай, олардың интеллектуалдық дамуын, адамгершілік-этикалық және рухани тәрбиесін, іскерлігін қамтамасыз ететінін эксперимент нәтижелері толық көрсетті. Осындай әдістемелік жүйені оқу үрдісінде қолдану негізінде бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінің синтаксис саласы бойынша білім деңгейлері жақсы деңгейге жетуіне мүмкіндік туындайды.

Заман талабына сай сапалы білім беруде әрбір бастауыш сынып мұғалімі қазақ тілі оқыту барысында жаңа педагогикалық технологияларды оқу тәжірибесіне кеңінен енгізуді қажет етеді. Заманауи технологияларды ұтымды қолдану арқылы ана тілімізді жан-жақты терең меңгеру арқылы ойлау қабілеті жақсы дамыған, қиялы ұшқыр, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыра аламыз.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы.- Астан:Ақорда, 2012.

2 Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. – Астана: Ақорда, 2007.

3 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің 2003 жылғы даму Концепциясы». – Астана, 2003.

4 Б.Тұрғынбаева. Дамыта оқыту технологиялары.-Алматы: Ғылым, 2008.

5 З.Смаилова. Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері .-Алматы, Бастауыш мектеп, №9-2007.

6 Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. –Алматы: Жалын, 2007 .

7 Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. –Алматы: Ғылым, 2009.

8 Ы.Алтынсарин. Өнер-білім бар жұрттар. –Алматы: Жалын, 2011.

9 Абай. Нақыл сөздер.–Алматы: Көшпенділер, 2007.

10 А. Байтұрсынов. Тіл дамыту әдістемесі жайында // Межвузовский сборник . –Алматы: Жалын, 2008.

11 Жұбанов Қ. Тіл ғылымы жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 2009.

12 Жиенбаев С. Қазақ тілінің методикасы. Алматы:Қазақстан мемлекеттік баспасы, 2006.

13 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. –Алматы: Санат,2007.

14 Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. Алматы: Мектеп, 2010.

15 Балақаев М. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелері. – Алматы:Қазақстан мемлекеттік баспасы, 2012.

16 Әміров Р,.Әмірова Ж Жай сөйлем синтаксисі.–Алматы: Мектеп,2007.

17 Қоянбекова С.Б. Қазақ тілі біліміндегі сөйлем мүшелері проблемасының зерттелуі тарихынан (ХХ ғасырдың отызыншы жылдары): филол.ғыл.канд….дисс. –Алматы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 2007.

18 Мадина Ғ. Қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер: филол.ғыл.канд….дисс. –Алматы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 2008.

19 Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы. Алматы: Рауан, 2006.

20 Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. Редакциясын басқарған Ш.Әуелбаев. – Алматы: Мектеп, 2010.

21 Буслаев Ф.И. Орыс тілінің тарихи грамматикасының тәжірибесі. М.,2006.

22 Аксаков К.С. Орыс грамматикасының тәжірибесі. М., 2008.

23 Потебня А.А. «Орыс грамматикасы жазбаларынан. – М., 2007.

24 Казем-Бек М.А. «Грамматика турецко-татарского языка. – Казань, 2006.

25 Құрманова Н. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері: пед.ғыл.докт. ... дис. – Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, 2004.

26 Якименская И.С. Развивающее обучение. Москва: Педагогика, 2009.

27 Касымова Р.Т. Тезаурсно-ориентированная технология формирования русской лексической компетенции учащихся начальных классов в школах с казахским языком обучения: дис.... докт.пед.наук. –Алматы: КазНПУ имени Абая, 2007.

28 Әбдікәрім Т.М. «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулықтарында мәтін түзудің ғылыми-әдістемелік негіздері: пед.ғыл.докт... дис. – Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2007.

29 Оразахынова Н.А. Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілін сатылай кешенді талдау технологиясы мен оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: пед.ғыл.докт... дис. –Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2007.

30 Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2007.

31 Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары. (І-ІҮ сыныптар).–Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2009.

32 Бағдарламалар. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған. Алматы: ROND, 2003.

33 Бастауыш мектептің 1-2 кластарына арналған бағдарламалары. Алматы: Рауан, 2003.

35 Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2007.

36 Уәйісова Г. Бастауыш кластарда морфологиялық ұғымдарды оқыту. Алматы: Рауан, 2009.

37 О.Байқуатова. Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту. –Алматы: Мектеп, 2008.

38 Хасанұлы Б. Ана тілі– Алматы :Ата мұра, 2008.

39 Выготский Л.С. Психология. –М., Апрель Пресс, 2007.

40 Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность.М., Политиздат, 2008.

41 Тәжібаев Т. Жалпы психология. -Алматы: Қазақ Университеті, 2009.

42 Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. М., Педагогика, 2006.

43 Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. –М., Педагогика,2007.

44 Каспарова М.Г. Понимание речи и представления. Методика и психология обучения инностранных языкам в высшей школе. –М., МГПИИЯ, 2007.

45 Выготский Л.С Мышление и речь: Психологические исследования. –М., Политиздат, 2009.

46 Жинкин Н.И. Речь как проводник информации. –М., Наука, 2008.

47 Леонтьев А.Н. Восприятие и деятельность.- М., Педагогика, 2006.

48 Ильина Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 2007.

49 Қобдикова Ж.У. Оқытудың процесін технологияландыру. –Алматы, Ақжелкен мектебі, 2009.


50 Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы: Ана тілі, 2007.

51 Бейсенбаева З. Жоғары оқу орындарында сөзжасам пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері. док. дисс. Алматы, 2006.

52 Сабиров Т. Оқыту теориясының негіздері. – Алматы: Жазушы, 2008.

53 Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту. –Алматы: Рауан, 2007.

54 Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (оқу құралы). 2-басылуы. – Алматы: Санат, 2008.

55 Давыдов В.В. Виды общения в обучении. – М., Педагогика, 2007.

56 Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы: Ана тілі,2008

57 Құрманова. Н.Ж. Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы.–Астана: Фолиант, 2007.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет