I.Кіріспе Білім беру жүйесін жаңалауды іске асырудағы өзекті м әселелердің бірі – оқушылардың ой-өрісін дамыту мәселесі болып табылады. Қоғамның, ой-санасының өсуі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, өркениетті елдерінің қатарына қосылуы - жаңа заманның жастарынан өзіндік таланты мен табиғи қабілетін жетілдіріп қана қоймай, олардың жаңашыл болуын, ізденістерін ұштауын талап етеді. Бұл орайда математика, логика, информатика пәндері басты мәнге ие. Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика- оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Есептер шығарғанда олардың ойларынан теориялық негізгі логикалық түсініктемелерге, әртүрлі ситуацияларға негізделген ғылыми көріністер байқалады. Әрбір таным қанағаттанарлық сезімге бөлу үшін адамның ғылыммен ішкі үндестігі және логикалық үндестігі біртұтас болғаны жақсы. Тек осындай жағдайда ғана білімнің қыры-сыры ашылады, түсінбей жаттап алу, ойды жүйесіз баяндау әрекетті сирейді. Бұған қалыптасқан оқушылардың қиялы шарықтап, білімге құлшынысы артады.
Оқу еңбегінің қаруы-ой. Ойлау әрекеті туралы М. Жұмабаев: «Ойлау-жанның өте бір қиын, терең ісі», - деген екен. Ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында логикалық есептер құру және оларды шешудің жолдарын үйренудің де пайдасы бар.
Логикалық есептер сан жағынан бай бола отырып, ойлау және ақыл жүгіртуді көп талап етеді. Түрлі типтегі есептер оқушыларды жалықтырмайды. Викториналық есептер сияқты, таласып шығаруға ұмтылады. Сонымен бірге, оқушылар өздері де есептер құрастыруға қызығады.
Зерттеу нысаны:мектеп бағдарламасындағы логикалық есептер.
Жұмыстың мақсаты:логикалық есептерді шығаруда дискретті түрлерімен танысу, олардыэлементтерін қолдану, шешудің алгоритмдерін, әдіс-тәсілдерін, шығару жолдарын қарастыру және үйрену.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер жүктеледі:
1. Әртүрлі логикалық есептермен жәнге олардың шығару әдістерімен танысу үшін көптеген әдебиеттерді оқу;
2. Қарастырған әдістерді әртүрлі логикалық есептерді шығаруда қолдана білу;
3.Анықталған әдіспен шығарылатын есептерді іріктеп жинақтау.