Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегиясы



бет34/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Байланысты:
10 сыынп лекция 52 бет

Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегиясы
Экономикалық даму стратегиясы стратегиялық мақсаттарды анықтап, елдің дамуына қатысты ұзақ мерзімге арналған маңызды ұстанымдарды негіздеп береді. Әдетте, елдердің даму стратегиясындағы басты мақсат экономикалық жүйені нығайту және жетілдіру болып табылады.
Елдің экономикалық дамуының стратегиясын жасау кезеңдері
1.Постиндустриялық елдердің даму стратегияларының ерекшеліктері. Қазіргі дамыған елдерге инновацияларға негізделген өсу стратегнясы тән. Ол технологиялык даму деңгейіне мемлекеттің тікелей ықпал етуімен анықталады.
Бұл стратегия шеңберінде 3 тарап: жаңа технологиялардың қайнар көзі ретінде ғылым мен техника, ғылыми жаналықтарды енгізу алаңы ретінде бизнес, ғылым мен бизнесті үйлестіруші мемлекет өзара байланыста әрекет етеді. Мысалы, АҚШ, ЕО елдері және Жапония. Әсіресе микроэлектроника, телекоммуникациялар, бағдарламалармен қамтамасыз ету роботехникасын жасау, айрықша қасиеттері бар жаңа материалдарды өндіру, биотехнологиялар жетекші маңызға не болады.
Постиндустриялық қоғам жағдайында білім қаржыдан артық бағаланады. Халықаралық деңгейде бәсекелестік күшейген сайын,жетістікке жету үшін қаржының көлемі ғана емес, инновациялық идея да қажет бола бастады.
Білім, оны сақтау, білім қорын жинақтау және алмасу, онытолықтыру постиндустриялық өркениет дамуының қажеттілігіне айналады. Сол себепті жаңа қоғам ақпараттық өркениет деп аталады. Жаңа ақпараттық қоғамға жаңаша ойлау, басқадай деңгейдегі білім қажет, яғни білім берудің ескірген жүйесін алмастыру жүреді, білімге негізделген экономика дамиды.
Постиндустриялык экономикада жаңа типтегі венчурлық (ағылшынша venture - қауіп-қатерлі) инвестиция дамиды, яғни көптеген жобалар бірдей қаржыландырылады, олардың бірнешеуі ғана табысты болғанның өзінде, жұмсалған қаржы ақталады.
Ақпараттық қоғамда әлеуметтік жіктелу сақталады. Бұл қоғамды кәсіби мамандар қоғамы деуге де болады, мұндағы негізгі тап интеллектуалдар табы (ғалымдар, кеңесшілер, сарапшылар, технократтар және т.б.) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет