Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Әлеуметтік-нарықтық (германдық) модельде



бет31/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Байланысты:
10 сыынп лекция 52 бет

Әлеуметтік-нарықтық (германдық) модельде нарық бәсекелестігі жағдайында дамитын қоғамды айрықша әлеуметтік инфрақұрылым толықтырып тұрады. Әлеуметтік құрылым нарық жағдайында белгілі бір қнындықтарға ұшырайтын әлеуметтік қорғансыз топтарға (табысы төмен жанұялар, жастар, жұмыссыздар, ұсақ кәсіпкерлер және т.б.) ұдайы қолдау көрсетуге негізделген. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Германия, Францияда қалыптасып, казірге дейін осы елдерде үстем болып келеді.
Иерархиялық-бірлестіктік(жапондық ) модель мемлекет бірлескен капитализмді белсенді түрде реттейтін және конфуцийлік менталитет негізінде басқарылатын экономика болып табылады.
Бұл модель бойынша іскер топтар холдингтерге бірігеді, ұсақ және орта кәсіпорындар ірі банктер, кәсіпорындар айналасында шоғырланып, олармен ұзақ мерзімдік шаруашылық келісімшарттар жасайды.
Бұл модельдің таза жапондық (шығысазиялық) тетігі - жергілікті халықтың күрделі табиғи және тарихи жағдайларда, философиялық. діни және адамгершілік құндылықтар негізінде қалыптасқан психологиялық (соның ішінде мінез-құлық)дәстүрлері.
Өтпелі экономика
Жалпы сипаттама. "Өтпелі экономика"елдерінің ерекшелігі - экономикалық жүйелерінің жоспарлы сипаты болмағанымен, әлі де болса нағыз нарықтық экономикаға тән барлық элементтерге (дамыған банк және қаржы жүйелері, жетілген заңнамалық база, еркін алмастырылатын тұрақты валюта және т.б.) ие болмауында. Өтпелі экономика елдеріне 28 ел жатады.
Бағаларды либералдандыру дегеніміз - мемлекет тарапынан бағаларды реттеуден толығымен немесе ішінара бас тарту, бағалардың нарықтағы тауарларға сұраныс пен ұсыныс негізінде, тауар өндірушілер арасындағы еркін бәсекелестікке сәйкес қалыптасуына көшу.
Экономикалық қайта құруларды жүзеге асыру өтпелі экономика елдерінде шамамен 1989 жылы басталды. Қайта құрулар екі түрлі бағытта жүргізілді: эволюциялық және радикалды. Нарықты қэкономикаға көшудің эволюциялық жолын тандаған елдерде (енгізілген алдымен, Венгрия, Словакия, Чехия) экономиканың өрлеуі жылдам сипат алды. Радикалды қайта құрулар жүрген посткеңестік елдерде ортақ ақшадан бас тартып, ұлттық валюталар айналымға енгізілді. ТМД елдеріндегі экономикалық қайта құрулардың өзіндік ерекшеліктері болды.
.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет