Алғашқы өркениеттер қалыптасқан жерлер: Жерорта теңізі, Таяу, Орта Қиыр Шығыс
БҰҰ тарихи аймақты нешеге бөліп қарастырады: 7 аймаққа
Халықтардың бірыңғай жалпы адамзат өркениетіне қамтылған уақыт: ХХғ соңы
Дүниежүзілік өркениет: адамзаттың үдемелі дамуының бірыңғай үдерісі
Батыс өркениетінің түпқазығы: Солтүстік Америка мен Еуропа
Қытай өркениеті: дәстүрлі конфуцийлік құндылықтар жүйесі коммунистік иедологиямен үйлесе отырып, қытай халқының рухани бейнесін анықтайды
Мұсылман өркениеті: Ислам елдерінде діни сана қоғамдық сананың басты формасы болып табылады, ол адам өмірінің барлық қырларын реттейді
Үнділік өркениет: қоғамда касталық құрылым сақталған
Дүниежүзін саяси-географиялық тұрғыда аудандастырудың алғашқы үлгісін жасады: Х.Маккиндер
Маккиндер ажыратқан аймақтар: орталық, ішкі жарты ай, сыртқы жарты ай
Орталық аймақта басымдылыққа ие болған мемлекеттер: Ресей, Германия, Қытай
Орталық ұғымына сәйкес келеді: Хартленд
Хартлендке жатады: Ресей, Шығыс Еуропа, Қазақстан, Орталық Азия
«Әлемдік арал»: тарихтың географиялық білігі
«Әлемдік аралға» жатады: Еуропа, Азия,Африка
Х.Маккиндер хартленд үшін ұсынған саясат: шеткі бөліктерін тартып алу саясаты
«Көпполюстілік» тұжырымын жасады: С.Коэн
С.Коэннің тұжырымдамасы бойынша саяси тұрақсыздық тән аймақ: Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай жатқан бөлігі, Таяу Шығыс, Оңтүстік-шығыс Азия елдері
Хартленд: Еуразия құрлығының солтүстік-шығысын қамтитын, әлемнің орталығы боп саналатын аймақ
Ішкі жарты ай: хартленді қоршап жатқан Еуразияның жағалық бөліктері