Ғарыштық мониторинг түрлері: атмосфераның әртүрлі деңгейіндегі температураға бақылау жасау, жер бедері өзгерістеріне бақылау жасау, атмосфера мен гидросфераның ластану түрлерін зерттеу, мұхиттардың температуралық режимі, тұздылығы және ағыстарға бақылау жасау, құрлықтағы су нысандары, орман алқаптары ауданының өзгерістерін бақылау, төтенше және қауіпті табиғи және антропогендік құбылыстарды зерттеу
Зерттеу ауданындағы мониторингтің артықшылығы: зерттеу нысаны туралы тұрақты түрде деректер жинау, оларды өңдеу арқылы болжамдар жасау
Қазақстандағы аса ірі мониторинг желісі: Казгидромет
Мониторинг: бақылау, болжау және қорғау мақсатында қоршаған ортаның жай-күйіне байқау жасау
Биоиндикация: табиғи ортаның сапасын ондағы тіршілік дүниесінің жай-күйіне қарап анықтау