Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көп нәрсенің зиянын біле тұра, күнделікті тұрмыста қолданамыз. Бұл адам табиғатына мәңгілік енгізілген өзгермейтін компьютерлік бағдарлама іспетті



бет5/11
Дата07.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#20048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ayzhan fastfud

Бүйрекке зияны

Колада фосфорлық қышқыл мөлшерден көп болғандықтан бүйрекке тас байланады және өзге де бүйрек ауруларына бастайды.



Қандағы қантты арттырады

Газдалған сусынды ішкеннен кейін жарты сағатқа жетпей қан құрамындағы қанттың мөлшері күрт артады. Бұл өз кезегінде қан құрамындағы инсулинді айдап шығарады. Бауыр шекерді майға айналдырады.

Ал 40 минуттан соң адам ағзасына кофеин сіңеді. Адамның көз қарашығы үлкейіп, артериялық қысымы артады – соның салдарынан бауыр қан құрамына көп мөлшерде қантты бөліп шығарады. Мидағы аденозиндік рецептордың жолы жабылады да сізді ұйқы қысады.

Семіздік

Газдалған сусын ішкен адам салмақ қоспай тұрмайды. Зерттеушілер анықтағандай, әрбір ішілген бір шөлмек кола адамның семіру қатерін 1,6 есеге артырады. Бұл арада мынаны да қаперге ұстаған жөн:

–       жүрек-қан тамыр ауруларының 70 пайызы семіздіктен болады;

–       омырау обыры мен тоқ ішек обырының 42 пайызы артық салмақтан пайда болады;

–       өт қабына жасалатын отаның 30 пайызы да семіздікпен байланысты.

Тіс ауруы

Газдалған сусынның құрамындағы қант пен қышқыл тіс эмалын қатты зақымдайды.



Жүрек ауруы

Газдалған сусын  түрлерінің көбісінде жеміс шәрбаты бар. Ол инсулиннің резистент синдромының пайда болуына алып келеді. Ал ол өз кезегінде сусамыр және жүрек ауруларына ұрындыруы мүмкін.



Сусамыр

Газдалған сусынды жиі ішетін адамның 2-ші типтегі сусамырмен сырқаттану қатері 80 пайызға артық екенін айта кеткіміз келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет