Тексеру сұрақтары 1. Биоиндикация дегеніміз не?
2. Қоршаған ортаны ластаушылардың улылығын анықтауда? инфузорияларды қолданудың себебі неде ?
3. Биоиндикатор ретінде пайдаланылатын қандай ағзаларды білесіз?
Негізгі әдебиеттер 1. Ә. Бейсенова, Ж. Шілдебаев. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы, 2004.
2. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы. Экономика. 2002ж
3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экологиядан оқу -әдістемелік құрал. Алматы. Экономика. 2002 ж.
4. Асқарова Ұ.Б «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматты 2004
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №6 .Экотоксикантты анықтауда тесты әдісті қолдану.
Автотранспорт-атмосфераны азот оксидтерімен (NO және NO2 азот оксидтерінің қоспасы), көміртегі (II ) оксидтері (СО), негізгі ластаушылардың бірі.Ауаның транспорттық ластану үлесі осы газдар бойынша жалпы ластануының СО 60%,NOх 50 % астам үлесін құрайды.
Автотранспорттың зиянды заттарға бөлінген қалдықтары белгілі уақыт аралығында атмосфераға шығарылатын газдардың мөлшерімен сипатталады.
Шығарылатын зиянды заттарға көміртегі оксидтері (концентрациясы 0,3---10%), көмірсутектер-жанбай қалған отын (3%) жәнк азот оксидтері (0,8%), күйе жатады.
Автотранспорттың атмосфераға бөліп шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептік әдіспен бағалауға болады.Шығарылатын қалдықтардың мөлшерін есептеуде гі бастапқы мәліметтерге мыналар жатады:
автотранспорттың отындық шығынының нормасы автотрассаның белгілі бір бөлігінен уақыт бірлігінде жүріп өткен әр түрлі типті автотранспорттың саны;
автотранспорттың отындық шығынының нормасы (қала жағдайында автотранспорт қозғалып келе жатқандағы оттынның орташа шығынының мөлшері).
7-кесте
Автотранспорт типі
Отынның орташа шығын мөлшері (100км/л)
Отынның меншікті шығыны Уі (1км/л)
жеңіл автомобиль
11-13
0,11-0,13
жүк автомобилі
29-33
0,29-0,33
автобус
41-44
0,41-0,44
Дизельді жүк машинасы
31-34
0,31-0,34
Жанармай түріне байланысты автотранспорттың бөліп шығарған зиянды заттарын анықтайтын импирикалық коэффициенттерінің мәні 8-кестеде берілген.
8-кесте
Отын түрі
Коэффициенттер мәні (К)
Көміртегі оксиді (СО)
көмірсулар
азот оксиді
бензин
0,6
0,1
0,04
Дизель отыны
0,1
0,03
0,04
К коэффициентінің шамасы сандық жағынан 1км жол жүруге қажет (яғни меншікті шығын), отын мөлшері жанған кездегі берілген компонеттің (литрмен) бөлінген зиянды заттардың шамасына тең.
Мақсаты: қоршаған ортаның антропогенді ластаушыларының негізгі түрлерімен және оларды жедел сараптамалау әдістерімен танысу.
1-тапсырма. Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептеу.
Құрал-жабдықтар:қалам, қағаз, микрокалькулятор.